Си Цзиньпиннің Айова штатындағы Сара Рэнди ханымға жауап хат жазды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 мамыр

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин АҚШ-тың Айова штатындағы Сара Рэнди ханымға жауап хат жолдады.

Си Цзиньпин былай деді: «мен көрікті Айова штатында екі рет болып, Маскатин қаласымен ажырамас байланыс орнаттым. Қытай мен Америка халықтары ұлы халықтар, халықтар достығы тек құнды байлық қана емес, екіжақты қарым-қатынастарды дамытуға маңызды негіз береді. Қытай халқы Америка халқымен бір ниетте болып, достық қарым-қатынасты нығайтып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытып, екі ел халқының әл-ауқатын бірлесе ілгерілетуге дайын». Си Цзиньпин Рэнди ханымды және Айовадағы ескі достарды достықтың тұқымын егіп, Қытай мен Америка халықтарының достығына жаңа үлес қосуға шақырды.

1985 жылы Сара Рэнди ханым Хэбэй өлкесінің Чжэндин ауданы партия комитетінің сол кездегі хатшысы Си Цзиньпин Маскатинға сапармен барғанда қарсы алған болатын. 2012 жылы сол кездегі ҚХР төрағасының орынбасары Си Цзиньпин Америка Құрама Штаттарына сапары кезінде тағы да американдық ескі достарымен кездесу үшін Рэндидің үйіне барған болатын. Жақында Рэнди Си Цзиньпинге хат жолдап, Си Төрағаның ескі досына көрсеткен қымбатты ілтипаты үшін алғыс айтып, екі ел өзара гуманитарлық алмасуларды одан әрі тереңдетіп, түсіністік пен өзара сенімді күшейтуге деген үмітін білдірген. Сонымен қатар, Рэнди Си Цзиньпинге өзінің «Ескі достар: Си Цзиньпин мен Айованың әңгімесі» атты естелік кітабын сыйға тартқан еді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото