ҚХР Сауда министрлігі АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты экономикалық құрылымын іске қосуы туралы: Тиісті бастамалар ашық және инклюзивті болуы керек

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 мамыр

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 24 мамыр күні ҚХР Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы журналистердің Америка Құрама Штаттарының Үнді-Тынық мұхиты экономикалық құрылымын іске қосуы туралы сұрағына жауап беру кезінде, Қытай тарапы Америка Құрама Штаттарының «Үнді-Тынық мұхиты Экономикалық құрылымын» 23 мамырда іске қосылғаны туралы мәлімдемесінен хабардар екенін айтты. «Қытай Азия-Тынық мұхиты экономикасының табысқа жетуінің құпиясы ол ашық ынтымақтастық болып табылады, өзара тиімділік арқылы ортақ ұтысқа жетуде деп санайды. Өңірдің гүлденуі мен дамуына үлес қосу үшін тиісті бастамалар сыртқа тебушіліктің орнына ашық және инклюзивті болуы; қолданыстағы тетіктерге зиян келтіріп, бөлудің орнына экономикалық селбестік пен ынтымақтастықты алға жылжытуы керек. Қытай әрқашан жоғарыда аталған стандарттарға сәйкес келетін аймақтық экономикалық ынтымақтастық бастамаларына ашық болды»,-деді.

Қытай ашықтықты ұстанып, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы сауда серіктестерімен бір кемеде тұрып, тағдыры ортақ болады. Қытай барлық тараптармен іскерлік ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге, аймақтық экономикалық интеграцияны ілгерілетуге, тиісті аймақтағы экономиканы қалпына келтіруге және аймақтық бейбітшілікті, тұрақтылық пен дамуды қорғауға дайын.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото