Сыртқы істер министрлігі: АҚШ пен Ұлыбритания айтылмыш «Шыңжаң мәселесі» арқылы Қытайды қаралауда

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 мамыр
Сыртқы істер министрлігі: АҚШ пен Ұлыбритания айтылмыш «Шыңжаң мәселесі» арқылы Қытайды қаралауда

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 24 мамыр күні, АҚШ пен Ұлыбританияның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарының Қытайға сапарына күмән келтіруіне байланысты Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбинь АҚШ пен Ұлыбритания және басқа елдер шындыққа назар аударып тұрмағанын, қайта олардың мақсаты «Шыңжаң мәселесін» дүрліктіру арқылы Қытайға күйе жағу екенін айтты. 

Ван Вэньбинь сол күнгі кезекті баспасөз мәслихатында АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы Прайс пен Ұлыбританияның Қытайдағы елшісі У Руоланның сөздеріне жауап ретінде Америка Құрама Штаттары, Ұлыбритания және басқа да батыс елдері Біріккен Ұлттар Ұйымы Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссардың Қытайға сапары жөнінде бірқатар саяси ойындарды ойнағанын айтты. Олар ең алдымен тікелей қысым көрсетіп, жоғары комиссарды Қытайға барып және Шыңжаңды өз көзімен көріп айтылмыш «Тексеру» жүргізуін талап етті. Қытай мен Жоғарғы комиссар тең негізде келіссөздер жүргізіп, Жоғарғы комиссардың Қытайға келу тәртібін жоспарлап болғаннан кейін, АҚШ, Ұлыбритания және басқа да елдер күш-жігерін аямай араласып, іс-сапарға көптеген шарттар мен кедергілер жасады.

Ван Вэньбиньнің айтуынша, АҚШ пен Ұлыбританияның шынымен алаңдайтыны - Жоғарғы комиссарды қамтыған халықаралық адамдар Шыңжаңдағы шынайы жағдайды көргеннен кейін, өздерінің ойлап шығарған қауесеттерінің беті ашылып, «Шыңжаң мәселесі арқылы Қытайды тежеу» ниетінің іске аспай қалуы болмақ. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото