БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы Қытайдың үш жаһандық маңызды ауылшаруашылық мәдени мұрасын мойындады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 25 мамыр

25 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) алғаш рет онлайн режимінде тексеруін аяқтады. Онда еліміздегі үш дәстүрлі ауылшаруашылық жүйесін әлемдегі маңызды жаһандық ауылшаруашылық мәдени мұралары ретінде ресми түрде мойындады. Атап айтқанда, Фуцзянь өлкесінің Аньси Тиегуаньинь шай мәдениеті жүйесі, Ішкі Моңғұл Алу Хорчин жайлымдық көшпелі жүйесі және Хэбэй өлкесінің Шэ ауданындағы құрғақ егіншілік тоспа сатылы атыз жүйесі. Осы уақытқа дейін еліміздің жаһандық маңызды ауылшаруашылық мәдени мұрасы 18-ге жетіп, әлем ойынша көш бастап бірінші орында тұр.

Фуцзянь Аньси Тиегуаньинь шай мәдениеті жүйесі Фуцзянь өлкесінің оңтүстік-шығысында орналасқан. Сун және Юань әулеттері кезінде-ақ Аньси шайы Теңіз Жібек жолы арқылы әлемге бет алған болатын, ал қазір ол Теңіз Жібек жолының маңызды мәдени символына айналды. Жүйе сонымен қатар су көздерін сақтау, су мен топырақты сақтау және микроклиматты реттеу сияқты маңызды экологиялық функцияларды орындайды.

Ішкі Моңғұлдың Алу Хорчин жайылымдық көшпелі жүйесі Ішкі Моңғұл Автономиялық регионының Чифэн қаласында орналасқан. Бұл елімізде таңдалған көшпелі ауылшаруашылық мұра орнының алғашқы нысаны, сонымен қатар тұрақты мал шаруашылығы мен тұяқкесті болған жайылымдарды ұтымды басқарудың жаһандық үлгісі болып табылады.

Хэбэй Шэ ауданындағы құрғақ егіншілік тоспа сатылы атыз жүйесі Хэбэй өлкесінің Ханьдань қаласында орналасқан. Оның негізі Юань әулетінде қаланған, жалпы ауданы 14000 гектарды, ал тас боспаларының ұзындығы 10000 мильді құрайды, бұл құрғақ егіншілік мәдениетінің типтік өкілі болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото