Ұлттық қорғаныс министірлігі: Қытай-Ресей бірлескен әуе патрульдеу стратегиясы үшінші тараптарды нысанаға алмайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 мамыр
Ұлттық қорғаныс министірлігі: Қытай-Ресей бірлескен әуе патрульдеу стратегиясы үшінші тараптарды нысанаға алмайды

26 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Қорғаныс министрлігінің ақпарат хатшысы У Цянь 24 мамыр күні, Қытай-Ресей бірлескен әуе патрульдеу стратегиясы туралы тілшінің сұрағына жауап бергенде, бұл іс-шара үшінші тараптарға бағытталған емес, сонымен бірге қазіргі халықаралық және аймақтық жағдайға еш қатысы жоқ деді.

У Цянь «24 мамыр күні Қытай мен Ресей әскери-әуе күштері 2022 жылы жоспарлы бірлескен әуе патрульдеу стратегиясын орындады. Бұл 2019 жылдан бері екі елдің әскери-әуе күштері бірлесіп жүзеге асырып жатқан төртінші стратегиялық патрульдеу болып табылады. Оның мақсаты – екі елдің әскери-әуе күштері арасындағы ынтымақтастық деңгейін сынақтан өткізу және оны жақсартып, екі ел әскері арасындағы стратегиялық өзара сенім мен практикалық ынтымақтастықты ілгерілету. Бұл әрекет үшінші тарапқа бағытталған емес, ол қазіргі халықаралық және аймақтық жағдайға еш қатысы жоқ»-,деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото