BBC Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарға шашатын лас суын дайындап қойды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 мамыр
BBC Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссарға шашатын лас суын дайындап қойды

26 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Британдық хабар тарату корпорациясы (BBC) 24 мамыр күні тағы да хабар таратып, хакерлер Шыңжаң полициясының компьютерлік серверінен «Қайта тәрбиелеу орталықтары» мен «Тұтқындардың» фотосуреттері бар кэштелген үлкен көлемдегі мәліметтерді алғанын хабарлады. Жаңалық жариялана салысымен, АҚШ Мемлекеттік департаменті мен Ұлыбритания Сыртқы істер министрлігі күш біріктіріп, «Таңғалысы» мен «Ашуын» асыра білдірді. Айта кету керек, Шыңжаңға қатысты өтірік шығаруға келгенде Америка мен Батыстың қоғамдық пікірі мен саясаткерлерінің ынтымақтастығы тонның ішкі бауындай.

Соңғы бірнеше жылда Global Times тілшілері Шыңжаңға бірнеше рет барып, талай рет оқиға орнында сұхбат жүргізіп, АҚШ пен Батыстың жалған ақпарат жасаудың майталманы екенін шын сезінді. Біз американдық және батыстық қоғамдық пікірде «Қайтыс» болып кеткен адамдар тірі, тіпті сау жүргенін, ал «Жоғалды» деген көптеген адамдар туған жерлерінде тыныш өмір сүріп жатқанын анықтадық. Айтылмыш «Қамау орны» деп таралып жүрген жерлер кәдімгі мектеп, мекеме, аурухана, тұрғын үй, дүкен және тағы басқа болып табылады.

Шынжаң шынында да үлкен бұраңдықтарды бастан өткерді. Толық емес статистикалық мәліметтерге сүйенсек, 1990 жылдан 2016 жылдың аяғына дейін «Үш зұлым күш» Шыңжаң сияқты жерлерде мыңдаған зорлық-зомбылық лаңкестік-террористік істер (оқиғалар) жасады. Соңғы жылдары Шыңжаң зорлық-зомбылық пен терроризмнің көлеңкесін сейілтіп, қоғамдық өмір дұрыс бағытқа бет бұрған кезде, АҚШ пен Батыс кенеттен «Шыңжаңдағы адам құқықтарынан» алаңдай бастады және өтірік айтып, қаралайтын өндіріс желісін құрды. Сөйтіп түрлі өтірік пен қасіреттерді ойдан бұрқыратып шығарып жатыр.

Кездейсоқтығы, BBC-дің бұл жолы «Ашқаны» ертеде кеште емес нақ Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет ханымның Қытайға сапары кезіне тура келді. Америкалық және британдық саясаткерлер BBC-дің хабарын алып, айғайлағаны Қытайға айтып жатқан сияқты көрінгенімен, бірақ шын мәнінде Мишель Бачелет ханымға айтып тұр.

Бұл көрініс шын мәнінде өте күлкілі: олар алдымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарына Қытайға бар деп талап етіп, ашық түрде қысым көрсетті, ал Мишель Бачелет ханым Қытайға келгенде, олар бұл сапардан «Үміт күтпейміз» деп мәлімдеді. Бұл адамдар Мишель Бачелетті әлемге нағыз Шыңжаңды айтып береді деп, олардың Шыңжаңды қаралайтын «Ғасыр өтірігі» ашылып қалады деп қауіптенсе керек. Сондықтан олар қарсы тарапты басу үшін өз күштерін кеңейтуге тырысады. Сөйтіп бір жағынан Мишель Бачелет ханымға қысым беріп, екінші жағынан оған шашатын лас суды да дайындап қойды.

Жаңалықты жариялау уақытымен қатар, оны ашқан адам мен тарату платформасы да өте сиқырлы. Бұл жолы шынымен де атышулы қауесет таратушы «Чжэн Гоэнь» «Анонимді адамдардан» «Әшкерелейтін» мәліметтерді алғаннан кейін оны БАҚ-қа берді. Бұл неміс американдық қорлардың қамқорлығымен Шыңжаңды бетбұрыс ретінде пайдаланып, алаяқтықтың шыңына шықты. Қытай бірнеше рет фактілермен бетін қайтарғаннан кейін, «Чжэн Гоэнь» көптеген батыс саясаткерлері мен органдары үшін танымал тұлғаға айналды.

Жаңалықтар таратқан платформа BBC-ге назар аударсақ, ол әрқашан Шыңжаңға «Құнығып», фактілерді немқұрайлы қарайтын көптеген жалған хабарламалар жасады. 2021 жылдың ақпан айында Global Times тілшісі BBC-дің Шыңжаңға қатысты алты айға жуық репортаждарын тізімдеді, сонда олардың 3/4-іне қол қойылмағанын байқады. Бұл оның «Халықаралық танымал БАҚ» ұстанымына мүлде сәйкес келмейді.

Шыңжаңға қатысты мәселелерде BBC әдеттегі мағынадағы ақпарат құралы емес, қайта Қытайға жүйелі идеологиялық шабуылдар жасайтын құралы болып табылады. Бұл жолы BBC мен «Чжэн Гоэнь» тағы да ынтымақтасып қауесет таратып отыр.

Бақытымызға орай, Шыңжаң бұл адамдар күткен бағытта дамыған жоқ. Шыңжаң алты жылдан бері зорлық-зомбылық лаңкестік оқиғаларын бастан өткерген жоқ, халықтың өмір сүру, денсаулық және даму құқықтарына тиімді кепілдік берілді. 2021 жылы Шыңжаң 200 миллионға жуық турист қабылдады, қала және ауыл тұрғындарының жан басына шаққандағы табысы сәйкесінше 8% және 10,8% өсті. Шыңжаң халқы ешқашан АҚШ пен Батыстың «Шыңжаңды Қытайды басқару үшін пайдаланудағы» кепілі болмайды, қайта Шыңжаңның гүлденуі мен тұрақтылығы барлық «Ғасырдың өтірігіне» деген ең шын жауабы болып табылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото