Қытай ғалымдары күріштің құрғақшылыққа төзімді жаңа генін тапты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 мамыр

26 мамыр күні, онлайн «Халық Газеті» -- Күріш – еліміздегі негізгі азық-түлік дақылдарының бірі болып табылады, оның өсу кезеңі суды көп қажет етеді. Күріштің суды үнемдейтін және құрғақшылыққа төзімді қасиеттерін оңтайландыру – халықтың «Ас ыдысына» қатысты мәселе. Шанхай ауылшаруашылық биологиялық ген орталығының бас ғалымы Ло Лицзюнь тобы жақында күрішті құрғақшылыққа төзімді ете алатын OsRINGzf1 генін тапты. Бұл ген жасушалардағы су арналарын азайту арқылы сусыздануды төмендетеді және құрғақшылық жағдайында күріш сабағының суды сақтау қабілетін жақсартады. Бұл байқау халықаралық танымал ботаника журналы «Journal of Plant Biotechnology»-да онлайн режимінде жарияланды.

XX ғасырдың аяғынан бастап Ло Лицзюнь командасы бүкіл әлем бойынша күріш тұқымдарының қорын жинап, елімізде күріштің функционалдық гендік қор қамбасын құрды, суды үнемдейтін және құрғақшылыққа төзімді күріш теориясы мен асылдандыру жүйесін жасады, «Hanyou 73» сияқты суды үнемдейтін және құрғақшылыққа төзімді жаңа күріш сортын өндірісте кеңінен насихаттады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото