«Джисианняо»  ірі тұрпатты азаматтық тікұшағы алғашқы ұшуын сәтті өткізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 26 мамыр

26 мамыр күні, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Қытайдың Авиация өнеркәсібі корпорациясынан (AVIC) алған ақпаратына сәйкес, 17 мамыр күні авиация өнеркәсібі дербес әзірлеген «Джисианняо» AC313A ірі тұрпатты, көп мақсатты азаматтық тікұшағы Цзянси өлкесінің Цзиндэчжэнь қаласындағы Лүймэн әуежайында алғашқы рейсін сәтті орындады. Бұл еліміздің авиациялық авариялық-құтқару техникасы жүйесінің құрылысына жаңа күш қосылғанын, жаңа ілгерілеушілікке қол жеткізгенін білдіреді. Бірінші ұшудан кейін AC313A тікұшағын әзірлеу жұмысы, сынақ өндірісінен сынақ ұшу кезеңіне ауысты. Жоспарға сәйкес, ұшу жарамдылығын сертификаттау «14-бесжылдық» кезеңінде аяқталып, пайдалануға беріледі.

AC313A тікұшағы – ұлттық авиациялық авариялық-құтқару жүйесінің құрылыс қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін авиация өнеркәсібі әзірлеген маңызды жабдық болып табылады. Тікұшақтың сыртқы көрінісі көркем, кең дене құрылымы пайдалану үшін көлемді кеңістікке ие, салмағы 13,8 тонна затты іліп көтеріле алады, су бүрку сыйымдылығы - 5 тонна, 28 экипаж жолаушыларын тасымалдай алады.

AC313A тікұшағы визуалды және аспаптық ұшу мүмкіндіктеріне ие, үстірт, жоғары температура, қақаған суық және т.б. күрделі аймақтар мен климаттық орталардың талаптарын қанағаттандыра алады, еліміздегі Тибет сияқты биік таулы аймақтардағы апаттық-құтқару және материалды тасымалдау қажеттіліктерінің тапшылығын тиімді өтей алады. Арнайы дизайн арқылы бұл тікұшақ жедел медициналық құтқару және төтенше жағдайды басқару сияқты тапсырмаларды орындау мүмкіндігін қанағаттандырады. Апаттық флотация жүйесі орнатылғаннан кейін ол теңізде құтқару миссияларын да орындай алады. Еліміздің бүкіл аумағында, барлық ауа-райында көп мақсатты қажеттіліктерді қанағаттандырады. Бұл отандық ірі азаматтық тікұшақтардың авиациялық авариялық-құтқару мүмкіндігін және жоғары сапалы жабдықтау мүмкіндігін тиімді жоғарылатып, авиациялық апаттық-құтқару жүйесінің құрылысы үшін бекем тірекке айналды. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото