Сыртқы істер министрлігі: НАТО Азия мен әлемді былықтырам деген ниетінен арылу керек

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 мамыр
Сыртқы істер министрлігі: НАТО Азия мен әлемді былықтырам деген ниетінен арылу керек

27 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбинь 26 мамыр күні өткен кезекті баспасөз мәслихатында, НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенбергтің жақында айтқан Қытайға қатысты теріс пікірлеріне жауап ретінде: «Қытай Йенс Столтенбергті Қытайды қаралайтын пікірлерін тоқтатуға шақырады. НАТО қазірдің өзінде Еуропаны былықтырды, енді Азияны және бүкіл әлемді былықтырамын деген ниетінен арылу керек» деді.

Ван Вэньбинь «НАТО-ның бас хатшысы біраз уақыттан бері Қытайды негізсіз жазғырып, қаралап келді. Тағы да Қытайдың саяси жүйесі мен ішкі және сыртқы саясаты туралы ойсыз пікірлер айтып, «Қытай қаупі теориясын» алға тартып жүр. Қытай бұған үзілді-кесілді қарсы және оны қатты айыптайды» деп атап көрсетті.

«НАТО бір жағынан мүше мемлекеттерді әскери шығындарды ұлғайтуға шақырады, мүше мемлекеттерден әскери шығындары ЖІӨ-нің 2% деңгейіне жетуді немесе одан асуды талап етті, ал екінші жағынан Қытайдың қалыпты қорғанысы мен әскери модернизациясы туралы сан-саққа жүгірген сөздер айтты. Бұл нағыз қос стандарт болып табылады» деді Ван Вэньбинь.

Ол сөзін сабақтап «Қытай бейбіт даму жолын ұстанып, қорғаныстық ұлттық қорғаныс саясатын табанды түрде жүргізіп, ядролық күшін әрқашан ұлттық қауіпсіздік үшін қажетті ең төменгі деңгейде ұстап тұратынын айтты. Қытайдың қорғаныс шығындарының ЖІӨ-дегі үлесі ұзақ уақыт бойы шамамен 1,3% деңгейінде тұр, бұл әлемдік орташа деңгейден әлдеқайда төмен. «Қытай НАТО-ның кейбір елдері сияқты басқа елдерді қорқыту үшін күш қолданбайды, әскери альянстарға кірмейді, сыртқа идеологияны үгіттемейді, ешқашан басқа адамдардың үйіне қол сұқпайды, сауда соғыстарын белсенді бастамайды және негізсіз түрде басқа елдердің кәсіпорындарын басып тастамайды. Сонда Қытайды қайтып НАТО қауіпсіздігіне қауіп төндірді деп айтуға болады?» деді.

Ван Вэньбинь: «НАТО көп рет аймақтық одақ ретіндегі ұстанымының өзгермегенін, географиялық серпілістерге ұмтылмайтынын және басқа аймақтардағы мүшелігін кеңейтуді көздемейтінін жариялаған еді. Бірақ соңғы жылдары НАТО Азия-Тынық мұхиты аймағына енуде, НАТО-ға мүше кейбір мемлекеттер Қытайды қоршап тұрған су айдындарына әскери жаттығулар өткізу үшін ұшақтар мен әскери кемелер жіберіп, шиеленіс тудырып, қақтығыстарды ушықтыруда. НАТО аймақтар мен өңірлерді бұзып өтуді жалғастыруда және топтық қарама-қайшылықтың ‘жаңа қырғи-қабақ соғысын’ дәріптейді. Халықаралық қоғамдастық бұл жағдайға өте қырағы болып, оған табанды түрде қарсы тұруы керек» - деп атап өтті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото