Ұлттық Қорғаныс министрлігі: АҚШ-тың Тайвань мәселесіндегі айла-шарғысын жұрттың бәрі біледі

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 мамыр

27 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- АҚШ Мемлекеттік департаментінің Тайваньға қатысты саясаттары туралы жуырдағы қайшылықты мәселелеріне жауап ретінде, Ұлттық қорғаныс министрлігінің ақпарат бюросының директоры және Қорғаныс министрлігінің баспасөз хатшысы У Цянь 26 мамыр күні америкалық тараптың Тайваньға қатысты айла-шарғысы жұрттың бәріне белгілі екендігін айтты. «Олардың «Тайвань арқылы Қытайды ауыздықтау ойы» - құр далбаса болып табылады. Қытай Халық азаттық армиясы ұлттық егемендік пен аумақтық тұтастықты табанды түрде қорғауға дайын».

26 мамыр күні Ұлттық қорғаныс министрлігі өткізген кезекті баспасөз мәслихатында тілші былай деп сұрады: Хабарларға қарағанда, АҚШ Мемлекеттік департаментінің веб-сайты жақында «АҚШ-Тайвань қарым-қатынасының фактілер тізімін» жаңартып, «Тайвань Қытайдың бір бөлігі» және «АҚШ «Тайвань тәуелсіздігін» қолдамайды» сияқты т.б. жазбаларын өшірген. АҚШ Мемлекеттік департаментінің баспасөз хатшысы кейінірек АҚШ-тың Тайваньға қатысты саясаты өзгермегенін, АҚШ әлі күнге дейін бір Қытай саясатын қолдайтынын, «Тайваньның тәуелсіздігін» қолдамайтынын түсіндірді. Қытайдың бұл туралы көзқарасы қандай?

Ву Цян: «АҚШ Мемлекеттік департаментінің Тайваньға қатысты саясаты туралы мәлімдемесі өзара қайшылықты, көздеген мақсаттары жұрттың бәріне бесенеден белгілі. Біраз уақыттан бері Америка Құрама Штаттары бір Қытай қағидасын белінен басып, «Шұжық кесу» әдісін қолданып, «Тайвань арқылы Қытайды ауыздықтау ойын» жүзеге асыруға ниеттенуде, бұл барып тұрған сандырақ».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото