Алғашқы төрт айда Шыңжаңның тартқан инвестициясының қолданыстағы қаржысы 110 миллиард юаньнан асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 27 мамыр
Алғашқы төрт айда Шыңжаңның тартқан инвестициясының қолданыстағы қаржысы 110 миллиард юаньнан асты

27 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионының сауда басқармасынан алған мәліметіне сәйкес, Шыңжаң алғашқы төрт айда 2367 инвестицияны тарту жобасын жүзеге асырып, аймақтан тыс жерлерден 115 миллиард 893 миллион юань қолданыстағы қаржы енгізіп, өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 27,29%-ға артты.

Мәліметтер көрсеткендей, қаңтар-сәуір аралығында Солтүстік Шыңжаңдағы қаржы 65,154 миллиард юань болып, өткен бір жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 26,73%-ға өсті, ал оңтүстік Шыңжаңда (Тұрпан мен Құмылды қосқанда) 50,739 миллиард юань болып, өткен жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 28,03%-ға өсті.

Барлық жерлер мен бөлімдер нарыққа бағытталған шараларды толық пайдаланады, инвестицияларды тарту шараларын жаңартып цифрлық экономика мен цифрлық басқарудың даму тенденциясына сәйкесіп, онлайн және офлайнды үйлестіруді ұстанады және инвестицияны тартуды ақпараттандыру, желілендіру және зерделендіру деңгейін жетілдірді. Инвестициялық ортаны жақсартуды жалғастырып, Шыңжаңның өнеркәсіптік деңгейін төмен сатыдан жоғары деңгейге ауыстырды, өсу қарқынын факторлардың демеуінен жаңалық ашып демеуге өзгертті, сөйтіп экономиканың жоғары сапалы дамуына жәрдемдесті. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото