- Барлық ақпарат
Си Цзиньпин: Қытай өркениетінің тарихын терең зерттеуге жетекшілік етіп, тарихи сананы арттыруды ілгерлетіп, мәдени сенімді нығайту керек
30 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- 27 мамырда түстен кейін ҚКП Орталық Комитетінің Саяси бюросы Қытай өркениетінің шығу тегін зерттеу жобасын тереңдету бойынша отыз тоғызыншы кезекті ұжымдық үйрену жүргізді. Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитетінің Бас хатшысы Си Цзиньпин үйренуге төрағалық ету кезінде Қытай өркениетінің ұзақ тарихы бар, ауқымды және терең үдеріс екендігін айтты. Қытай өркениеті ұлттың бірегей рухани символы, қазіргі Қытай мәдениетінің негізі, әлемдегі Қытай ұлтының рухани сабақтастығы, сонымен бірге Қытай мәдениетінде жаңалық ашудың қазынасы екенін атап көрсетті. Ұзақ тарихи үдерісте Қытай ұлты өзін-өзі жетілдіруге деген шешімі және ерік-жігерімен әлемдегі басқа өркениеттерден ерекше даму үдерісінен өтті. Қытай өркениетінің 5000 жылдан астам даму тарихын терең меңгеру, оны жан-жақты зерттеуге жетекшілік ету арқылы партия мен қоғам тарихи санасын арттыруға, мәдени сенімін нығайтуға, Қытай ерекшелігіне ие социализм жолымен бұлжымай жүруге ықпал етуі керек. Сөйтіп осы заманғы социалистік елді түбегейлі құру мен Қытай ұлтының ұлы гүлденуін жүзеге асыру үшін ынтымақтаса әрекет ету қажет.
Төраға Си Цзиньпин былай деп атап көрсетті: «Қытай өркениетінің бастауы» сияқты ірі жобалардың зерттеу нәтижелері еліміздің миллион жылдық адамзат тарихын, 10 мың жылдық мәдени тарихын және 5 мың жылдан астам өркениет тарихын растады. Қытай өркениетін зерттеу жобасы керемет нәтижелерге қол жеткізді, алайда алдағы міндет ауыр, жол алыс. Оны жалғасты ілгерлетіп, үздіксіз тереңдетуі керек.
Си Цзиньпин Қытай өркениеті ежелден бері өзінің ашықтығымен және кеңдігімен әйгілі екенін, басқа өркениеттермен алмасу және өзара өнеге алу арқылы үнемі өміршеңдігін дамытып келе жатқанын баса айтты. Теңдік, өзара үйрену, диалог пен кеңпейілдік сынды өркениеттік көзқарасты насихаттап, әртүрлі өркениеттердің құндылықтар коннотациясын кең ауқымды түсіну, әртүрлі елдердің өз даму жолын зерттеуін құрметтеу, өркениеттер алмасуы арқылы өркениет кедергілерін болдырмау және өзара өркениет алмасу арқылы өркениет қақтығыстарынан арылу, өркениеттердің қатар өмір сүруі арқылы өркениет басымынан арылу, сол арқылы Қытай өркениетінде қамтылған бүкіл адамзат құндылықтарын насихаттап, ортақ болашағы бар қауымдастықты құруды ілгерлету керек.
people.cn © People's Daily Online