БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет: Бұл жолғы Қытайға сапарым тергеу емес, мүмкіндік

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 30 мамыр
БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет: Бұл жолғы Қытайға сапарым тергеу емес, мүмкіндік

30 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай үкіметінің шақыруымен БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары Мишель Бачелет 23-28 мамыр аралығында Қытайға сапармен келді. Ресми өкіл 28 мамырда өткен баспасөз мәслихатында бұл сапардың тергеу емес, мүмкіндік екенін айтты.

Мишель Бачелет Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссарының кеңсесі мен Қытай үкіметі ұлттық, аймақтық немесе жаһандық деңгейдегі тиісті мәселелерді талқылау үшін жыл сайынғы стратегиялық кездесулерді қамтыған тұрақты байланыстар орнатуға келісті. Екі тарап сонымен қатар Бейжің мен Женевадағы кездесу кезінде нақтылы алмасулар мен ынтымақтастықты ілгерілету үшін жұмыс тобын құруға келісті. Жұмыс тобы даму, кедейшілікпен күрес және адам құқықтары, этникалық азшылық құқықтары, бизнес пен адам құқықтары, терроризмге қарсы күрес пен адам құқығы, цифрлық кеңістік пен адам құқығы, әділеттілік пен құқықтық қорғау және адам құқықтарымен ғана шектелмей, екі жақ басқа да ортақ мәселелер жөнінде нақты тақырыптық бағыттар бойынша талқылаулар сериясын ұйымдастыратыны айтылды.

Мишель Бачелет Қытайдағы адам құқықтарының жағдайы туралы айта келе, кедейшілікті азайту және төтенше кедейлікті жоюдың жоспарланған мерзімнен 10 жыл бұрын орындалуы бұл Қытайдың үлкен жетістігі екенін атап өтті. Жалпыға бірдей медициналық сақтандыру мен жұмыссыздықтан сақтандыру бағдарламаларын енгізу денсаулық пен көп салалы әлеуметтік және экономикалық құқықтарды қорғауда үлкен рөл атқарды. Қытайдың ел іші-сыртында Біріккен Ұлттар Ұйымының 2030 жылға дейінгі тұрақты даму күн тәртібін және тұрақты даму мақсаттарын қолдауға бағытталған күш-жігері де бағаланды.

Мишель Бачелет Қытайдың көп жылдан бері маңызды заңнамалық және сот реформаларын жүргізгенін айтты. Ол: «Гендерлік теңдік туралы, әйелдердің құқықтары мен мүдделерін қорғау туралы заңның қайта қаралуын құптаймын. Сонымен қатар мен Қытайдың жақында сексуалды алымсақтық туралы және осы бойынша қауіп төнетін топтағы әйелдер мен балаларды қорғау үшін енгізілген шектеулер бар Азаматтық кодекс кодификациясын жоғары бағалаймын», -деді.

«Мен Қытайдың заң үстемдігін нығайту және адам құқықтарын сақтаумен тығыз байланысты жоғары сапалы дамуды қамтамасыз етуде мәлімдеген мақсатын құптаймын. Бұл Қытайдың «адам құқықтары жөніндегі ұлттық іс-қимыл жоспарында» және басқа да бағдарламалық құжаттарында көрсетілген», - деді Мишель Бачелет. Ол сөзін сабақтап: «Менің командам ұлттық заңнама және халықаралық құқық пен стандарттарды, әсіресе құқық қорғау және сот процестеріне қатысты мәселелерді қалай іске асырылатынын жан-жақты талқылады. Біз өзіміздің кәсіби білімімізді үкіметпен және сот жүйесімен бөлісуді жалғастыруға үміттенеміз», - деді.

Халықаралық қауымдастықтағы адам құқықтары ахуалы туралы айта отырып, Мишель Бачелет адам құқықтарының жаһандық жағдайы қанағаттанарлық емес екенін айтты. Қазір көптеген елдер қақтығыс жағдайында немесе қақтығыстан кейінгі ортада екенін, адам құқықтарының көптеген нақты мәселелері бар және әлі де жалғасуы мүмкін екенін атап өтті. Ол Қытайдың көпжақтылықты берік қолдауы халықаралық қоғамдастықта шешуші рөл атқаратындығын айтты.

Бұдан сырт, журналистің жуырда АҚШ-тың Техас штатындағы бастауыш мектепте болған атыс туралы сұрағына жауап ретінде Мишель Бачелет Техастағы кісі өлімінің қайғылы екенін және осыған байланысты мәселелердің әлі де шешімін таппай отырғанын айтты. Нәсілдік кемсітуге, өзін басқалардан артық санайтындарға, жазықсыз адамды өлтіруге құқығы бар деп ойлайтындарға қарсы күресті жалғастырып, нәсілдік артықшылықты, адам құқықтарына қатысты кемсіту жағдайын тоқтатуымыз керек екенін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото