Алғашқы төрт айда Қорғас тасжол шекарасында жүк тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70 пайызға артты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 мамыр
Алғашқы төрт айда Қорғас тасжол шекарасында жүк тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 70 пайызға артты

31 мамыр, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Қорғас кеденінен алған мәліметіне сәйкес, алғашқы төрт айда Қорғас шекарасының импорт-экспорттық жүк көлемі 11 миллион 942 мың тонна, импорт-экспорттық сауда көлемі 78 миллиард 390 миллион юань болды. Оның ішінде тасжол шекарасындағы жүк тасымалы көлемі, импорт және экспорт сауда көлемі өткен бір жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда сәйкесінше 72,6% және 6,4% өсті.

Қорғас кеденінің жауапты қызметкерінің мәліметінше, алғашқы төрт айда күнделікті қолданатын бұйымдар мен электр көліктерінің тасжол шекаралары арқылы өтетін экспорттың көлемі үлкен болып, тасжол шекарасы арқылы тасымалданатын жүк пен сауда көлемінің өсуіне тиімді әсер еткен. Коммерциялық көліктердің экспорты да өткен бір жылдың ұқсас мезгілімен салыстырғанда 136%-ға артқан. Атап айтқанда, Қорғас тасжол шекарасында енгізілген «шекара мен көпірді тұтастыру» режимі сәтті тасымалды қамтамасыз ете алған.

Қорғас кеденінің статистикасы бойынша шекарадағы негізгі импорттық тауарлар механикалық, электротехникалық бұйымдар, мыс, мыс материалдары және т.б. Ал экспорттық тауарлар негізінен жоғары технологиялық өнімдер, тоқыма жіптері, пластмасса және тағы басқа бұйымдар. Оның ішінде өңделмеген мыс және мыс өнімдерінің импорты айтарлықтай жоғарылаған. Ал сауда көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 564,8%-ға, тоқыма жіп және пластмасса бұйымдарының экспорты сәйкесінше 15,6%-ға және 13,9%-ға өскен.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото