Қытай Ауылшаруашылық ғылым академиясы «Астықты ұлғайту бойынша ғылым мен технология ықпалдастығы» жобасын ұйымдастыруда

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 31 мамыр

31 мамыр күні, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Ауылшаруашылық ғылым академиясы жақында «Астықты ұлғайтудағы ғылым мен технология ықпалдастығы» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізіп, тиісті даму мақсаттары мен негізгі міндеттерді жариялады. Бұл Қытай Ауылшаруашылық ғылым академиясының «миссиялар тізімі жүйесі», «сортты тұқымдар» мен «құнарлы алқаптар» ғылыми-техникалық іс-шараларынан кейінгі қолға алынған тағы бір ірі ғылыми-технологиялық жоба болып табылады. Бастама «абсолютті қауіпсіз азық-түлік рационын және астықпен өзін-өзі қамтамасыз етуді» іске асыру үшін куатты ғылыми-технологиялық қолдауды қамтамасыз етеді.

Қытай Ауылшаруашылық ғылым академиясының вице-президенті, Қытай инженерлік академиясының академигі Ван Ханчжун «Астықты ұлғайту жөніндегі ғылыми-технологиялық ықпалдастықтың» өзегі - күріш, бидай, жүгері, соя және картоп сияқты бес негізгі дақылдың астық көлемін ұлғайту бойынша ғылыми-технологиялық зерттеу жүргізу, жоғары өнімді және жоғары сапалы сорттарды іріктеу-насихаттау, тиімді өсірудің негізгі технологияларын зерттеу және әзірлеу, жоғары өнімді технологиялардың біріккен үлгісін көрсету және оны қолдануды насихаттау сияқты міндеттер екенін айтты. «2030 жылға қарай ауқымды сынақтарда бес негізгі дәнді дақыл бірлігіне шаққандағы өнімділігін айтарлықтай арттыруға ұмтылып, ұлттық астық өндірісінің қуаттылығын тұрақты түрде жоғарылатуға ықпал етеміз. Қытай Ауыл шаруашылығы ғылым академиясы стратегиялық деңгейде дарындылар, қорлар және платформалар сияқты ғылыми және технологиялық ресурстарды үйлестіріп, инновациялар тізбегін өнеркәсіптік тізбекке сәйкес орналастырады және ғылым-аралық, зертхана-аралық, команда-аралық бірлескен одақ құратын болады».

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото