Си Цзиньпин хат жолдап, Қытай Балалар орталығының 40 жылдық мерейтойымен және «1 маусым» Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 маусым

1 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Балалар орталығының құрылғанына 40 жыл толуына орай ҚКП ОК Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы, Орталық әскери кеңес төрағасы Си Цзиньпин құттықтау хатын жолдады. Сонымен бірге «1 маусым» Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Төраға Партия Орталық Комитеті атынан еліміздің түкпір-түкпіріндегі балаларды мерекемен құттықтап, олардың оқуларының алға басып, бақытты өмір сүріп, өркендей беруіне тілектестік білдірді.

Си Цзиньпин өзінің құттықтау хатында Қытай Балалар орталығы 40 жылдың ішінде партия мен ел үшін дарынды шәкірттерді тәрбиелеудің негізгі миссиясын ұстанып, адамгершілік пен моральды дәиектілендру тапсырмасын орындап, социалистік істерді Құрушылар мен социалистік істі жалғастырушыларды тәрбиелеуге оңды үлес қосты деп баса айтты.

Си Цзиньпин «Сіздердің даңқты дәстүрді жалғастырып, балаларға қызмет етушілердің үлкен тобын біріктіріп, олардың өсуіне жол нұсқап, балалар құқығының қамқоршысы, балалар болашағындағы арман қуушы болып, жас ұрпақтың салауатты, жан-жақты дамуына шын ниетпен үлес қосатындарыңызды үміт етемін», - деді.

1982 жылы негізі қаланған Қытай Балалар орталығы реформа мен ашық есік саясатынан кейін елімізде мектептен сыртқы білім беру және балаларды дамыту бойынша ұлттық деңгейдегі алғашқы ғылыми-зерттеу мекемесі болып табылады. Соңғы 40 жыл ішінде Қытай Балалар орталығының түрлі бастамалары қарыштап дамып, миллиондаған балалар орталық ұйымдастырған шараларға белсенді қатысып келеді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото