Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкеннің Қытай саясаты бойынша сөйлеген сөздерін терістеді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 1 маусым
Қытай Сыртқы істер министрлігі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкеннің Қытай саясаты бойынша сөйлеген сөздерін терістеді

1 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында АҚШ Мемлекеттік хатшысы Блинкен Қытайға қатысты сөйлеген сөзінде Шыңжаң, Тибет және Сянганға қатысты мәселелер бойынша Қытайды қаралады. Бұл туралы Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь 31 мамыр күні өткен кезекті баспасөз мәслихатында «АҚШ мемлекеттік хатшысы өзінің Қытай саясатына қатысты баяндамасында Шыңжаңды «Геноцид», «Адамзатқа қарсы қылмыс» және «Қамау лагерьлері» деген жағдайлар орын алып отыр деп жалған айыптамаларын айтты. Бұл мәлімдемелердің барлығы өтірік», – деді.

Ол Қытайдың бірнеше рет фактілерді қолданып шындықты түсіндіргенін айтты. Тибет 70 жыл бұрын бейбіт жолмен азат етілгеннен бері экономикасы өркендеді, қоғамы жарасымды болып, діни және мәдени істері қарыштап дамыды. Сянганда «Ұлттық қауіпсіздік туралы» заңы күшіне енгеннен кейін, Сянганның әлеуметтік-қоғамдық тәртібі қалпына келтіріліп, дамуы дұрыс бағытқа түсті. Америкалық саясаткерлер «геноцид» және басқа да өтіріктерді қаншалықты ашулы түрде қайталаған сайын, соғұрлым өздерінің сес көрсеткісі келгені мен екіжүзділігін әшкерелейді, содан Америка Құрама Штаттарының сенімі мен беделін төмендетіп, Қытай халқының АҚШ-тың әрекеттеріне наразылығын арттырады.

Чжао Лицзянь: «АҚШ Қытайдың егемендігін, қауіпсіздігі мен даму мүддесін шынайы құрметтеп, Қытайдың беделін түсіріп, қаралау үшін түрлі өтірік пен қауесеттерді ойлап шығаруды және таратуды тоқтатып, адам құқығы мәселесін сылтау етіп Қытайдың ішкі істеріне араласудан тиылу керек», – деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото