БҰҰ Бас хатшысы Ресей-Украина қақтығысынан туындауы мүмкін азық-түлік дағдарысына қарсы шапшаң әрекет етуге шақырды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 маусым
БҰҰ Бас хатшысы Ресей-Украина қақтығысынан туындауы мүмкін азық-түлік дағдарысына қарсы шапшаң әрекет етуге шақырды

2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық қауымдастықты 1 маусым күні Швецияның астанасы Стокгольмде Ресей мен Украина қақтығысынан туындауы мүмкін азық-түлік дағдарысымен күресу үшін тез әрі батыл әрекет етуге шақырды.

Гутерриш сол күні Швецияға барып, Швеция премьер-министрі Андерссонмен кездесті. Гутерриш Андерссонмен кездескеннен кейінгі бірлескен баспасөз мәслихатында, егер Украина мен Ресейдің астық пен тыңайтқыштары халықаралық нарыққа қайта шыға алмаса, азық-түлік қауіпсіздігі тиімді шешілмейтіндігін айтты. Ресми өкіл Ресей-Украина қақтығыстарын диалог арқылы тоқтатуға бар күш-жігерін салатындығын жеткізді. Гутерриш сонымен қатар халықаралық қауымдастықты қақтығыстар салдарынан туындауы мүмкін, әсіресе дамушы елдерге әсер ететін азық-түлік дағдарысымен күресу үшін жылдам және батыл әрекет етуге шақырды.

Мамыр айының басында Сенегалға сапары кезінде Гутерриш Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс дамушы елдердің экономикасына айтарлықтай әсер етіп, бұл Африкадағы азық-түлік, энергетика және қаржы саласындағы «үштік дағдарысты» ушықтырғанын атап өтті.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының статистикасына сәйкес, Ресей мен Украина - бидай экспорты бойынша сәйкесінше әлемдегі бірінші және бесінші орында тұрған мемлекеттер. Екі елдің жалпы дүниежүзілік арпа, бидай және жүгеріні қамдауы сәйкесінше 19%, 14% және 4%-ды және әлемдік дәнді дақылдар экспортының үштен бірінен астамын құрайды. Нарық қатысушылары Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс ағымдағы маусымда Украинадағы астық өндірісінің 50%-дан жоғары қысқаруына әкелуі мүмкін деп болжайды. Ресей әлемдік өндірістің 13%-ын құрайтын тыңайтқыш өндіру бойынша әлемде алдыңғы орында тұр. АҚШ санкцияларына байланысты ресейлік тыңайтқыш экспортына шектеу қойылып, тыңайтқыштардың әлемдік бағасы күрт өсті. Осының салдарынан Бразилия, АҚШ және басқа да ірі ауылшаруашылық елдеріндегі егіншілер тыңайтқыштарды аз пайдалануға мәжбүр болуда. Ал бұл алдағы уақытта өнім сапасына кері әсер етуі мүмкін.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото