Гүлнар Шаймергенова мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының хикаяты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 маусым

2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 31 мамырда Қытай халықаралық мәдени алмасу орталығы мен People's Daily "Global People" журналының демеушілігімен екінші рет өткен "Жібек жолындағы достық дәнекерін" салтанатты марапаттау рәсімі онлайн бейне арқылы өтті. Шарада Қазақстандық Гүлнар Шаймергенова марапатқа ие болды.

2013 жылдың 7 қыркүйегінде Төраға Си Цзиньпин Қазақстандағы Назарбаев университетінде сөз сөйлеп, «Жібек жолының экономикалық белдеуін» бірлесіп құру тұжырымдамасын ұсынғаннан бастап, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы жолға қойылды. Шараға қатыса отырып Гүлнар Шаймергенова Қытай Төрағасы Си Цзиньпиннің шығыс даналығы мен ерекшеліктеріне ие жаһандану үлгісін ұсынғанын, бұл жол бойындағы елдерге үлкен даму мүмкіндіктерін беретінін бірден түсінеді. Содан бері «Бір белдеу, бір жол» бастамасы оның ұзақ мерзімді зерттейтін әрі насихаттайтын негізгі тақырыбына айналды.

2015 жылы Қытайға делегациямен барғаннан кейін ол «Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен ынтымақтастықты дамытуда Ляньюньганның көліктік-логистикалық әлеуетін пайдалану жолдары» деген тақырыпта ғылыми мақаласын жазып, Қазақстан үкіметі тарапынан жоғары бағаға ие болды.

2017 жылдың ақпан айында қазақстандық бидайдың бірінші партиясы Ляньюньган арқылы Вьетнамға жөнелтілді. Бүгінде Қытай-Қазақстан Ляньюньган логистикалық ынтымақтастық базасы Қазақстан үшін «шетелге шығудың» маңызды арнасына айналды.

2015 жылы Қазақстан астанасында Г. Шаймергенова басқаратын Қытайды зерттеу орталығы құрылды.

Ғалымның жетекшілігімен Қытайдың даму жетістіктері аясында, «Бір белдеу, бір жол» бастамасы және екіжақты қарым-қатынастар төңірегінде түрлі академиялық іс-шаралар ұйымдастырылып, орталықтың ықпалы үздіксіз артып келеді.

2017 жылы Г. Шаймергенова орталық қызметкерлеріне жетекшілік етіп, «Си Цзиньпин: Ел басқару жөнінде» кітабын қазақ тіліне аударуға қатысты. Жаңа еңбек алғаш рет Қазақстан астанасында жарық көріп, елдің жақсы бағасына ие болды.

2021 жылы Ганьсудың Ланьчжоу қаласында Орталық пен Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы бірлесіп құрастырған «Қытай-Қазақстан достық қарым-қатынасының даму тарихы» еңбегі алғаш жарияланды.

Коронавирус індеті түрлі елдердің дипломатиялық қарым-қатынасына әсер еткенімен, орталық жұмысын тоқтатқан жоқ. Г. Шаймергенованың жетекшілігімен орталық Қытайға объективті және әділ көзқарасты ұстанып, соңғы жаңалықтар мен зерттеу нәтижелерін БАҚ және әлеуметтік платформалар арқылы дер кезінде жариялап, қазақ халқының Қытайдың шынайы жағдайын түсінуіне сенімді арна орнықтырды.

Ғалым Г.Шаймергенова «Бір белдеу, бір жолды» бірлесіп құру көне Жібек жолына тың серпін әкелетіні сөзсіз деп санайды. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото