Алғашқы төрт айда еліміздегі қызмет көрсетудің жалпы импорты мен экспорты өткен бір жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 21,9%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 2 маусым
Алғашқы төрт айда еліміздегі қызмет көрсетудің жалпы импорты мен экспорты өткен бір жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 21,9%-ға өсті

2 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Сауда министрлігінен алған мәліметіне сәйкес, биылғы жылдың қаңтар-сәуір аралығында елімізде қызмет көрсету саудасы тұрақты түрде жоғарылады. Қызмет көрсету импорты мен экспортының жалпы көлемі 1907,49 миллиард юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,9 пайызға артты. Оның ішінде қызмет көрсету экспорты 933,26 миллиард юань болып, 25,1 пайызға өсті, импорт 974,23 миллиард юаньға жетіп, 19,1 пайызға өсті. Қызмет көрсету экспортының өсімі импорттан 6 пайыздық тармаққа жоғарылауы қызмет саудасының тапшылығын 43,1 пайызға төмендетіп, 40,97 миллиард юаньға жеткізді. Сәуір айында еліміздегі қызмет импорты мен экспортының жалпы көлемі 450,2 миллиард юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға көтерілді.

Білімді қажет ететін қызмет түрлерінің саудасы тұрақты өсті. Қаңтар-сәуір айларында білім саласындағы қызмет импорты мен экспорты 800,99 миллиард юань болып, 9,3%-ға жоғарылады. Оның ішінде, ғылымды қажет ететін қызмет экспорты 456,36 миллиард юань болып, 10,4 пайызға артты. Экспорттың жылдам өскен салалары телекоммуникация, компьютер, ақпараттық жүйе және басқа да іскерлік қызметтер болып, сәйкесінше 13 пайыз және 12,4 пайыз өсті. Білімді қажет ететін қызмет импорты 344,63 миллиард юань болып, 8%-ға өсті. Импорттың шапшаң өскен саласы сақтандыру қызметтері болды, оның қарқыны 91,2%-ды құрады.

Туризм қызметінің импорты мен экспорты қалпына келуін жалғастыруда. Қаңтар-сәуір аралығында еліміздің туризмдік қызметтің импорты мен экспорты 271 миллиард 830 миллион юаньға жетіп, 9,5 пайызға артты. Туризмдік қызметтерді қоспағанда, еліміздің қызмет көрсету импорты мен экспорты қаңтар-сәуір аралығында 24,3%-ға, оның ішінде экспорт 26,6%-ға және импорт 21,4%-ға өсті. 2019 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда қызмет импорты мен экспорты 50,5%-ға көтеріліп, оның ішінде экспорт 67,6%-ға, импорт 33,4%-ға жоғарылады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото