Си Цзиньпин: Адам мен табиғат үйлесімді өмір сүретін көркем Қытайды құрайық

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 маусым
Си Цзиньпин: Адам мен табиғат үйлесімді өмір сүретін көркем Қытайды құрайық

6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, 2022 жылғы 5 маусым қоршаған ортаны қорғау күніне орай ұлттық басты шара осы күні Ляонин өлкесінің Шэньян қаласында өтті. ҚКП Орталық комитетінің Бас хатшысы, мемлекет Төрағасы, Орталық әскери кеңес төрағасы Си Цзиньпин құттықтау хат жолдап, мерекемен шын жүректкен құттықтады.

Си Цзиньпин құттықтау хатында экологиялық орта адамзаттың тіршілігі мен дамуының негізі болып табылады, ал экологиялық ортаны таза сақтау барлық елдің ортақ мұраты екенін атап көрсетті. Қытай Коммунистік партиясының 18-інші құрылтайынан бастап біз экологиялық өркениет құрылысын Қытай ұлтының тұрақты дамуына байланысты іргелі жоспар ретінде қабылдадық. Елдің тұнық суы мен жасыл таулары баға жетпес байлық деген тұжырымдаманы ұстанып, түбірлі, ілгері және ұзақ мерзімді жұмыстардың жүйесін құрдық. Сөйтіп көркем Қытайдың құрылуына маңызды қадамдар жасалды. Бұл еліміздің экологиясы мен қоршаған ортаны қорғау бағытына тарихи, бетбұрыстық және жалпы өзгерістер әкелді.

Си Цзиньпин: «Қазіргі заманғы социалистік елді жан-жақты құрудың жаңа жолында партия мен еліміздің экологиялық өркениет құрылысын нығайтудағы стратегиялық табандылықты сақтап, экономикалық және әлеуметтік дамуды жасыл түрлендіруге ілгерілетуге күш салып, ластануды болдырмай, экологияны қорғау және климаттың өзгеруіне төтеп беріп, адам мен табиғат жарасымдылығы сақталған көркем Қытайды құрып, таза және әдемі әлемді жасауға көбірек үлес қосайық!», - деп атап көрсетті. Төраға сонымен бірге барша қоғам белсенділік танытып, экологиялық өркениет ұғымын насихаттап әрі үлгі етіп, халықты қажырлы еңбекке баулып, жас ұрпаққа көк аспаны, жасыл желегі, мөлдір суы бар әдемі мекен қалдыруды күтетінін жеткізді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото