Биылғы жылы ЖОО-ға түсу емтиханына үміткерлер саны рекордтық көрсеткішке жетті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 6 маусым

6 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылғы ЖОО-ға түсу емтиханы жақындап қалды. 7 маусымнан бастап емтихан алаңына 11,93 миллион үміткер кіреді. Биылғы жылы ЖОО-ға түсу емтиханына үміткерлер саны рекордтық көрсеткішке жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 1,15 миллионға артты. Бүкіл ел бойынша 330 000 жалпы емтихан алаңы бар, 1,02 миллион бақылаушы мен емтихан қызметкері жасақталған. Індеттің алдын алу мен бақылаудың күрделі жағдайына қарамастан, әртүрлі елді мекендер мен басқармалар індетке қарсы шараларды ЖОО-ға түсу емтиханы жұмысымен үйлестіру үшін, көптеген кешенді ережелерді қабылдап, ЖОО емтиханының «қауіпсіз», «тиімді», «жылы» болуын жүзеге асыруға бар күшін салуда.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото