Ван И «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» Сыртқы істер министрлерінің үшінші кездесуіне қатысады және Қазақстанға ресми сапармен барады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 маусым

7 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Чжао Лицзянь «Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі М. Тілеубердінің ұсынысымен Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И 6-9 маусым аралығында Қазақстанда «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» Сыртқы істер министрлерінің Үшінші кездесуіне қатысады және Қазақстанда ресми сапарда болады» деп жариялады.

«Орталық Азиядағы бес ел Қытайдың тату көршілері және стратегиялық серіктестері болып табылады.» Чжао Лицзянь осыдан 30 жыл бұрын Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқаннан бері Қытай үнемі өзара құрмет, тату көршілік, қиындықтан бірге өту, өзара тиімді және тең ұтысқа жету принциптерін ұстанып, достық ынтымақтастығын үздіксіз тереңдетіп келгенін айтты. Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Қытай мен Орталық Азияның бес мемлекеті арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толуына арналған бейне саммит сәтті өтті. Төраға Си Цзиньпин мен бес мемлекет басшылары бірлесіп ынтымақтастық жоспарын жасап, ортақ болашағы бар Қытай-Орта Азия қауымдастығының құрылғанын жариялады.

Жао Лицзянь былай деп атап көрсетті: «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» Сыртқы істер министрлерінің үшінші отырысына Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван Идің қатысуы барлық тараптармен бейне саммит нәтижелерін белсенді түрде жүзеге асырып, Қытай мен Орталық Азия елдері арасындағы тату көршілік достықты және әртүрлі салалардағы өзара тиімді ынтымақтастық, ортақ даму және бірлесе өркендеуді одан әрі тереңдетеді.

Чжао Лицзянь Қазақстанға сапары барысында Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Қазақстан Президенті Қ.Тоқаевпен кездесіп, ҚР Премьер-министрдің орынбасары және Сыртқы істер министрі М.Тілеубердімен келіссөздер жүргізетінін айтты. Ол сөзін сабақтап, бұл сапар екі ел арасындағы саяси өзара сенімділік пен практикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетіп, Қытай мен Қазақстан арасындағы «Бір белдеу, бір жол» құрылысының жоғары сапалы бірлесе жүргізілуі үлкен нәтижелерге қол жеткізуіне ықпал жасайтындығына сенетіндігін жеткізді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото