Қытай Қазақстанның ұлттық жағдайына сай даму жолын ұстануын қолдайды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 маусым

7 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 5 маусымда Қазақстанда конституцияға өзгертулер енгізу бойынша референдум өтті. Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Чжао Лицзянь кезекті баспасөз мәслихатында Қазақстанда конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум сәтті өткенін және Қытай мемлекетінің құттықтайтынын жеткізді.

Чжао Лицзянь: «Көршілес дос және мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктес ретінде Қытай Қазақстанның ұлттық жағдайына сай даму жолын ұстануын табанды түрде қолдайды. Президент Қ.Тоқаевтың басшылығымен қазақ халқы «Жаңа Қазақстанды» құру жолында бұдан да үлкен жетістіктерге жетеді деп сенеді. Қытай тарапы Қытай-Қазақстан қарым-қатынасының үздіксіз дамуын ілгерілетіп, екі ел халқының игілікке жетуі үшін Қазақстан тарапымен бірлікте күш жұмылдыруға дайын»,-деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото