Шыңжаң жазғы астықты сатып алуға дайын

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 7 маусым
Шыңжаң жазғы астықты сатып алуға дайын

7 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тяньшань тауларының солтүстігі мен оңтүстігіндегі күздік бидай біртіндеп пісіп, егін жинау үдерісі басталып келеді. Шыңжаңда жазғы астық сатып алу жұмысындағы астықты таразылау, бағасын анықтау, сатып алу тұрақты өсу үрдісін көрсетеді деп межеленуде.

Тілшінің Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы астық және материал қоры бюросынан хабарлауынша, Шыңжаң қазір қаржы жинау, қоймаларды дайындау, оларды залалсыздандыру, аспаптарды тексеру, механикалық құрал-жабдықтарды жөндеу және жұмысшыларды міндеттерімен таныстыру сияқты әртүрлі жұмыстарға дайындық жасап, диқандардың «еккен астығын сата алуын» қамтамасыз ету шараларын атқаруда.

Қазіргі уақытта Шыңжаңның жазғы астық сатып алуға дайындық жұмыстары аяқталды. Биыл Шыңжаң шамамен 3,5 миллион тонна бидай сатып алады деп күтілуде. Қазіргі бидайдың орташа нарықтық сату бағасы 2,68 юань/кг болып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,15 юань/кг-ға өсті. Регионда 450 астық сатып алу кәсіпорны тіркелді. Әр өңір биылғы жазғы астық сатып алу қоймаларының сұранысын қанағаттандыра алатын 3,52 миллион тонна қойма сыйымдылығын дайындауда. Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығын дамыту банкінің Шыңжаң бөлімшесі 11,6 миллиард юань көлемінде тұтынушылар үшін жеткілікті несие қаражатын дайындап, сатып алынған компаниялардың рейтингі, несие және несиесін бекіту жұмыстарын аяқтады.

Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы астық және материал қоры бюросы директорының орынбасары Ма Шюэюань биылғы жазғы астық сатып алуда әр түрлі межедегі бағаларды: нарықтық бағаны, сапаға негізделген бағаны және жоғары сапалы бағаны ұстанатынын айтты. Ол тағы да егіншілердің астық өткізуін жеңілдетіп, жазғы астықты қамтамасыз ету үшін есікті ерте ашып, таразыларды кеш жинап, сатып алу мерзімін ұзарту қолға алынатынын жеткізді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото