- Барлық ақпарат
Мемлекеттік кеңестің Премьер-Министрінің орынбасары Ху Чуньхуа Шыңжаңға барып қызметке жетекшілік етті
8 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 4-7 мауысм аралығында Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, Мемлекеттік Кеңестің Премьер-Министрінің орынбасары Ху Чуньхуа Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионында кедейшілікті жоюдың жетістіктерін кеңейтіп, нығайту, оны ауылды жандандырумен тиімді байланыстыру жұмыстарына жетекшілік етті. Ол «Бас хатшы Си Цзиньпиннің кедейшілікті жоюдың жетістіктерін кеңейтіп, одан әрі нығайту және оны ауылды жандандырумен тиімді байланыстыру жөніндегі маңызды нұсқауларын түбегейлі жүзеге асырып, кедейшілікпен күрес аймақтарында қол жеткен табыстарды шоғырландыру мен кеңейтуге табанды түрде жәрдемдесу, кедейшілікті қайта болдырмаудың сызығын күзету және ауылды жан-жақты жандандыруды жеделдету үшін неғұрлым әлеуетті әрі тиімді шаралар қабалдау керек» екенін атап көрсетті.
Ху Чуньхуа Шыңжаңда болған кезде Қорғас және Алашанькоу(Алатау)шекараларын аралап, ондағы шекара құрылысы, кешенді кепілдік аймағы, Қытай-Қазақстан Қорғас халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының жұмысымен танысып, сыртқа ашық есік шараларын ілгерілету жағдайын тексерді.
people.cn © People's Daily Online