Ван И «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» Сыртқы істер министрлерінің үшінші отырысына қатысты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 маусым
Ван И «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» Сыртқы істер министрлерінің үшінші отырысына қатысты

9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 8 маусымда жергілікті уақыт бойынша Қытай Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Нұр-Сұлтанда өткен «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» Сыртқы істер министрлерінің үшінші отырысына қатысты. Оған Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалық етті. Отырысқа Түрікменстан Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі Р.Мередов, Қырғызстан Сыртқы істер министрі Р.Қазақбаев, Тәжікстаннан Көлік министрі А.Иброхим және Өзбекстан Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы В.Норов қатысты.

Ван И «Қытай мен Орталық Азия бір-біріне иек сүйейтін, қандай күрделі кезеңде де бірге болып, қатар алға басатын тағдыры ортақ қауымдастыққа айналды. Халықаралық жағдай қалай өзгерсе де, Қытай Орталық Азия елдерінің егемендігі мен тәуелсіздігін қорғауда, ұлттық ахуалына сай даму жолын ұстанып, тәуелсіз Орталық Азия құруын табанды түрде қолдайды. Қытай Орталық Азия елдеріне саяси қауіпсіздік пен әлеуметтік тұрақтылықты сақтауда және бейбіт Орталық Азияны құруда табанды түрде қолдау көрсетеді. Қытай Орталық Азия елдерінің экономикалық дамуын жеделдету, халықтың әл-ауқатын жақсарту және гүлденген Орталық Азияны құруында табанды түрде қолдау көрсетеді. Қытай Орталық Азия елдерінің бірлікпен өздерін күшейтіп, өзара пайда келтіріп тең ұтысқа жетіп, ынтымақтасқан Орталық Азияны құруына табанды түрде қолдау көрсетеді. Қытай өзара құрмет, тату көршілік, қиындықтан бірге өту, өзара тиімді және тең ұтысқа жету принциптерін қолдап, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастық пен үйлестіруді күшейтіп, Қытай мен Орталық Азия елдерінің тіпті де етене, тағдыры ортақ қауымдастығын қол ұстаса бірге құруға дайын» екенін жеткізді.

Ван И өз тарапынан мынадай бес ұсыныс жасады: Біріншіден, алты ел арасындағы ынтымақтастықтың негізгі тұлғасын жақсарту. Екіншіден, эпидемиядан кейінгі қалпына келтірудің ұтымды әлеуетін құру. Үшіншіден, аймақтық бейбітшіліктің берік негізін орнату. Төртіншіден, гуманитарлық алмасулар үшін жаңа бағыттар ашу. Бесіншіден, жаһандық басқарудың басым күштерін топтастыру.

Ван И Қытайдың дамуы мен жандану қадамы жалғаса беретінін, шет елдермен ынтымақтасу ниетінен ауықтымайтынын, Қытайдың әлемдік экономиканың өркендеуіне маңызды үлес қосушы және халықаралық әділдік пен әділеттіліктің табанды қорғаушысы бола беретінін баса айтты. Ол сөзін сабақтап, дамыған, гүлденген Қытай әлемнің бағы ғана емес, сонымен қатар Орталық Азия елдерінің дамуына жаңа мүмкіндіктер әкелетін ел екенін жеткізді.

Барлық тараптар «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» ынтымақтастық механизмін жоғары бағалап, Қытай Орталық Азиядағы бес елдің тату көршісі және сенімді серіктесі, сонымен қатар ең ірі сауда және инвестициялық әріптес болып табалатынын, екі жақтың сенімі берік, ынтымақтастығы жемісті екенін білдірді. «Біз алты елдің мемлекет басшылары қол жеткізген маңызды консенсусты бірлесіп жүзеге асыруға, «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» ынтымақтастық механизмінің әлеуетін пайдалануға, бейбіт, дос, өзара жәрдемдес, жарасымды Орталық Азияны құруымыз керек. Орталық Азия елдері «Бір белдеу, бір жол» жоғары сапалы бірлескен құрылысын толығымен қолдап, жасыл және цифрлы Жібек жолын салады. Сонымен бірге Орталық Азия елдері кедейшілікті азайту, оңтайлы даму жолдарын тауып, инновацияны іске асыру және тұрақты ілгерілеуге қол жеткізу үшін Қытайдың табысты даму тәжірибесін үйренуді құптайды.

Барлық тараптар «Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» мемлекет басшыларының кездесу механизмін құруға келісті және ««Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» Сыртқы істер министрлері кездесуінің Бірлескен мәлімдемесін», «Қытай мен Орталық Азиядағы бес ел арасындағы бейне саммиттің консенсусын жүзеге асырудың жол картасын», «Қытай + Орталық Азиядағы бес елдің» байланысы мен ынтымақтастығын тереңдету туралы бастамасы» және ««Қытай + Орталық Азиядағы бес ел» деректер қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастық бастамасы» сияқты төрт маңызды қорытынды құжатты қабылдады. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото