Ван И Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі М.Тілеубердімен келіссөздер жүргізді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 9 маусым

9 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылы 7 маусымда ҚХР Мемлекеттік кеңес мүшесі және Сыртқы істер министрі Ван И Нұр-Сұлтанда Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары және Сыртқы істер министрі М.Тілеубердімен келіссөздер жүргізді.

Ван И: «Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасы 30 жыл ішінде көптеген сынақ пен қиыншылықтардан өтті. Осы күрделі кезеңдермен күресе жүріп, екі жақ мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестік орнатып, өзара сенім мен достық бұрын-соңды болмаған жаңа биіктерге көтеріліп, мемлекеттар арасындағы қарым-қатынастың үлгісіне айналды. Қытай-Қазақстан достығы екі тараптың көшбасшылары мен халықтарының қажырлы еңбегі мен даналығын бейнелейтін зор құрметке лайық. Қытай тарапы Қазақстанды әрқашан өзара сенімі жоғары бауырлас көрші, өзара тиімді ортақ ұтысқа жететін стратегиялық серіктес деп санайды. Біз екі мемлекет басшыларының стратегиялық жоспарын ұстанып, соңғы 30 жылдағы екіжақты қарым-қатынастарды дамытудың құнды тәжірибесін ұтымды қорытындылап, дәстүрлі достықты одан әрі жалғастыруға, стратегиялық өзара сенімді нығайтуға, бір-бірін қолдауды бекемдеуге, өзара тұрақтылық пен жандануға қуатты тірек болуға, Қытай мен Қазақстан қарым-қатынасының келесі алтын 30 жылын бірге құруға тиіспіз»,-деді.

М.Тілеуберді Ван Иді жылы қарсы алып, бұл сапардың Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық серіктестікті тереңдетуде маңызы зор екенін айтты. «Екі мемлекет басшыларының жетекшілігімен Қазақстан-Қытай қарым-қатынасы дамудың жоғары деңгейін сақтап келеді. Қазақстан Қытайды мәңгілік көрші және барлық жағдайда да дос тұтады, әрі Қытаймен қарым-қатынасты Қазақстан дипломатиясының басымдылығы деп санап, Қазақстан-Қытай қарым-қатынасының болашағына толық сеніммен қарайды. Екі жақты дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығына орай, екі ел арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтың перспективаларын жоспарлап, кең ауқымдағы екіжақты практикалық ынтымақтастықты тереңдетіп, Қазақстан-Қытай қатынастарының дамуына үздіксіз жаңа серпін беріп отыруға тиіспіз».

Екі жақ «Бір белдеу, бір жолды» жоғары сапамен бірге құруды ілгерілетуге, Қытай-Қазақстан ынтымақтастығы комитеті, өндірістік қуат пен инвестициялық ынтымақтастық диалогтары, жергілікті ынтымақтастық форумдары және басқа да тетіктерді толық пайдаланып, екіжақты сабақтастықты жан-жақты, терең және жоғары деңгейде ілгерілетуге келісті.

Қос тарап екі ел арасындағы экономикалық және сауда ынтымақтастығының жандану барысында көрсеткен қуатты серпініне ризашылық білдіреді, сондай-ақ өндірістік қуат, инвестиция және энергетика саласындағы бітімгершілікті нығайтуға, өңдеу өнеркәсібіндегі сабақтастықты кеңейтуге, Қазақстанда әлеуметтік және тұрмыстық жобалардың жүзеге асуына басымдық беруге, сол сияқты Қазақстанның экономикалық құрылымының жан-жақты болуына ықпал етуге ниетті. 5G, жасанды интеллект, жасыл энергия және т.б. жоғары технологиялық ынтымақтастықтың жаңа өсу нүктелерін зерттеп, «Жасыл Жібек жолы» мен «Цифрлық Жібек жолын» бірлесіп құратын болады.

Екі жақ өзара байланыс деңгейін арттырып, тиімді және ыңғайлы «болат түйе керуендері» мен «цифрлық» пойыздарды құруды жалғастырады. Қытай-Қазақстан шекарасындағы барлық құрлық порттары жұмысын қайта бастады. Тараптар бірлескен алдын алу және бақылау механизмін тиімді пайдаланып, жүк тасымалдау жылдамдығын арттырады.

Екі тарап індетке қарсы ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Ресми өкіл М.Тілеуберді Қазақстанның індетке қарсы күресі кезінде нақты және маңызды көмек көрсеткені үшін Қытайға шын жүректен алғыс айтты. Екі жақ Қазақстанда дәстүрлі қытай медицинасы орталығын құруға ықпал етіп, дәстүрлі медицина саласындағы ынтымақтастықты тереңдетеді.

Қос тарап мәдени орталықтар құрып, әртүрлі гуманитарлық алмасулар арқылы екі елдің халқы арасындағы достықты арттыру туралы келісті.

Тараптар кадрлық алмасуды жеңілдету және сәйкесінше Сиань мен Ақтөбеде бас консулдықтарды ашу туралы келісімге келді. Қазақстан тарабы Қытай азаматтары үшін визасыз режимді 7 күннен 14 күнге дейін ұзартатынын мәлімдеді.

Тараптар халықаралық сахнада бір-бірін қолдауды жалғастыруға, аймақтық ұйымдардағы үйлестіру мен ынтымақтастықты нығайтуға, «Қытай + Орталық Азияның бес бес елі» ынтымақтастық механизмінің жаңа платформасы рөлін толыққанды іске асыруға, Сыртқы істер министрлерінің алдағы үшінші кездесуінің табысты өтуі үшін бірлесіп күш жұмсауға, «Шанхай рухын» белсенді түрде насихаттап, ШЫҰ-ның тұрақты даму қарқынын қорғауға, Қазақстанға биылғы жылы АӨСШК алтыншы саммитін сәтті өткізуге қолдау көрсетуге келісті. Сол сияқты аймақтық қауіпсіздік пен дамуды бірлесіп қорғауға және еуропадағы бейбастақтықтың елдер ішінде қайталануына жол бермеуге өзара келісім берді, Қазақстанның «БРИКС+» ынтымақтастығына белсенді қатысуды қолдайтынын білдірді.

Сондай-ақ екі жақ аймақтық жағдай мен көңіл бөлетін басқа да ортақ мәселелер бойынша пікір алмасты.

Келіссөздерден кейін екі тарап журналистермен кездесті. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото