Сычуань өлкесі Аба облысы Малкан қаласында магнитудасы 5,8 - 6,0 балдық жер сілкінісі болды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 10 маусым
Сычуань өлкесі Аба облысы Малкан қаласында магнитудасы 5,8 - 6,0 балдық жер сілкінісі болды

10 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай жер сілкінісі желілерінің мәліметі бойынша, 10 маусым күні сағат 0:30-да Сычуань өлкесінің Аба облысы Малкан қаласында магнитудасы 5,8 балдық, бастауы 10 шақырым тереңдіктегі жер сілкінді. Ал сағат 1:28-де тағы да осы қалада 6,0 балдық, сілкініс қайнары 13 шақырым тереңдікке жеткен жер сілкінісі болды. Зілзала ошағынан 5 шақырымға дейінгі өңірдің теңіз деңгейінен орташа биіктігі шамамен 3691 метрді құрады. Жер сілкінісінен кейін Мемлекеттік кеңестің зілзала зардаптарымен күрес штабының кеңсесі мен Төтенше жағдайларды басқару бөлімі ұлттық 4-інші деңгейдегі жер сілкінісінің салдарын жою жұмыстарын дереу бастады. Төтенше жағдайларды басқару бөлімі түнделетіп қызмет тобын Сычуаньға жіберіп, жергілікті орындардың жер сілкінісі зардаптарын жою қызметіне жетекшілік етті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото