Си Цзиньпин: Қытайдағы тұңғыш әйел тракторшы, Сіз кереметсіз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 13 маусым

13 маусым, онлайн «Халық Газеті» --  2013 жылдың 28 сәуірінде Бүкілқытайлық кәсіподақтар федерациясында бүкіл ел бойынша 31 өлке, автономиялық регион, қаладан келген еңбек үлгісінің 65 өкілі Бас хатшы Си Цзиньпинмен бірге отырып, өмірі мен алдағы армандары туралы әңгімелесті.

«Мен бірінші еңбек озаты болған 1950 жылы небәрі 21 жаста едім. Қалайша еңбек озаты болды десеңіз, ондағы менің арманым Ұлы Солтүстіктің шөл даласын өңдеу болатын. Ал қазір бұл арманым негізінен орындалды».

Лян Цзюнь осы сөзді айтқанда 84 жаста еді. Ол жаңа қытайдағы ең алғашқы тракторшы әйел, сондай-ақ үшінші рет басып таратылған RMB-дің бетіндегі әйел тракторшы суретінің прототипі.

Лян Цзюнь бір кездері Ұлы Солтүстік шөлді далада бос жерлерді өңдеген. Бас хатшыны көрген қарт толқуын жасыра алмай орнынан тұрып: «Хейлуңцзян қазір елдегі №1 астық қоймасы. Біз астықтың тоғыз рет қатарынан ұлғаюына үлес қостық. Бас хатшының болашақта Хэйлунцзянға келуін күтеміз»,-деді. Қарттың шынайы, бүкпесіз айтқан сөздеріне отырғандар ду қол шапалақ соқты.

«Мен әрқашан Саньцзян жазығын көруді жоспарлап жүремін. Болашақта сонда барамын», - деді Си Цзиньпин қартқа қарап: «Сіздің бұл игілікті істеріңізді біздің замандастарымыздың бәрі біледі. Сіз Қытайдағы тұңғыш әйел тракторшысыз, Сіз керемет адамсыз»,-деді Төраға.

«Керемет» деген осы бір қарапайым сөз, Төраға Си Цзиньпиннің еңбек ардагеріне деген шексіз құрметін бейнелеп жатты. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото