Цинь кесенесі сирек жәдігерлерді жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 маусым

14 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 11 маусымда Цинь бірінші императорының кесене мұражайы жаңадан қалпына келтірілген «No28 мүсін» туралы алғаш рет ақпарат берді. Бұл керамикалық мүсінше қабірдегі басқа әдеттегі тік күйінде немесе отырған қыш мүсіншелерден ерекшеленеді. Жәдігерлер жатқан қалпында табылғандықтан, уақытша «жатқан мүсінше» деп аталды.

Табылған қыш мүсіншелер терракоталық жауынгерлерден айтарлықтай ерекшеленетіндіктен, сарапшылар бұларды Цинь сарайы үшін музыка, би және акробатикалық көріністерді ойнайтындардың мүсіндері деп болжам жасады.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото