Алғашқы бес айда Шанхай ынтымақтастығы демонстрациялық аймағы жөнелткен Қытай-Еуропа жүк пойыздары 37,3 пайызға артты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 14 маусым

14 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің жуырда Циндао кеденінің еншілес ұйымы Цзяочжоу кеденінен алған ақпаратына сәйкес, биылғы жылдың алғашқы бес айында Шанхай ынтымақтастығы демонстрациялық аймағындағы Циндао мультимодальды көлік орталығы бір жыл ішінде Қытай-Еуропа қатынасында барлығы 357 пойыз жөнелткен. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 37,3 пайызға артып, Шаньдун өлкесінде қатынаған пойыздардың жалпы санының 47,5%-ын құрады.

Сыртқы сауданың тұрақтылығы мен жақсаруына жәрдемдесу мақсатында Циндао кедені өнеркәсіп пен жеткізу жүйелерінің бірқалыпты айналымын қамтамасыз ету үшін 19 шара енгізді. Соның ішінде кәсіпорындарға теміржолда «жылдам кедендік рәсімдеу» ісін жүргізуге қолдау көрсету де қамтылған.

Цзяочжоу кедені бастығының орынбасары Шюй Юэцзиннің айтуынша, Циндао кедені Қытай-Еуропа пойыздарының «жылдам кедендік рәсімдеу» режимін қолдануды насихаттап, пойызбен тасымалданатын тауарлардың импорты мен экспортын бақылау үшін темір жол және операциялық компаниялармен ынтымақтасады.

Дәстүрлі режиммен салыстырғанда, «жылдам кедендік рәсімдеу» режимі пойыздың жалпы жүру уақытын 1-2 күнге қысқартады және бір контейнер үшін алынатын әртүрлі шығындардан 200 юаньнан астам үнемдейді.

Мәліметтер көрсеткендей, Шанхай ынтымақтастығы демонстрациялық аймағы халықаралық мультимодальды көлік логистикалық орталығының құрылысын жеделдетуде. Қазіргі уақытта 16 халықаралық пойыз желісін тұрақты жөнелтеді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото