Адам ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі 18 жаңа кәсіп түрін жариялады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 маусым

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 14 маусым күні Адам ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі жұртшылыққа 18 жаңа кәсіп түрін жариялады. Оның ішінде «тұрғын үй сипатындағы қонақүй қызметшісі», «отбасылық тәрбие нұсқаушысы», «туризм нұсқаушысы» және «робот инженері» сияқты кәсіп түрлері бар.

Бұлар жария етіліп, әлеуметтік ұсыныстарды жинап, қайта қаралып, жетілдірілгеннен кейін, кәсіптік салалық жіктеу рәсімінің жаңа басылымына енгізіледі.

Адам ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігінің жауапты қызметкерінің айтуынша, бұл шара кәсіптік біліктілік стандарттарын қалыптастырып, кәсіптік білім беру мен оқытуды жүзеге асыру және дарындыларды анықтауда маңызды базалық қызмет болып табылады. Жарияланған жаңа жұмыс орындары келесі сипаттамаларға ие:

Біріншіден, ол цифрлық экономиканы дамыту қажеттіліктерін көрсетеді. Бұл жолы «робот инженері», «қосымша өндіріс инженер технигі», «деректерді қорғау инженері», «сандық шешімдер дизайнері», «дерекқорды пайдалану әкімшісі», «ақпараттық жүйе бейімділігін тексеруші», «цифрлық негіздерді қолдану жөніндегі техник», «бизнес деректер сарапшысы», «аграрлық цифрлық техник» және т.б. айқын цифрлық сипаттамалары бар жаңа кәсіптер жіктеліп, белгіленді.

Екіншіден, көміртекті бейтараптандыру тенденциясын сақтау. Энергетикалық және экономикалық құрылымдардың өзгеруіне және уақыт талабына сәйкес, «көміртекті раковинаны өлшеуші бағалаушы», «кешенді энергия сервері», «құрылыс энергиясын үнемдеу және қалдықтарды азайту жөніндегі кеңесші», «көмір сапасын жақсарту қызметкері» сияқты жаңа кәсіптер пайда болды.

Үшіншіден, халықтың тамаша өмір салтына деген қажеттілігін қанағаттандыру. Мысалы, «тұрғын үй сипатындағы қонақүй қызметшісі», «қалалық теміржол транзитіне техникалық қызмет көрсетуші», «әскери қызметтен босағандарға қызмет көрсетуші», «отбасылық тәрбие нұсқаушысы», «туризм нұсқаушысы» сияқты жаңа кәсіптер пайда болуда. Олардың ішінде “тұрғын үй сипатындағы қонақүйдің” қарқынды дамуы практикалық қызметкерлерге бірнеше жылдың ішінде минималдық деңгейден «миллиондық» деңгейге жоғарылауға мүмкіндік берді.

Келесі қадамда Адам ресурстары және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі тиісті ведомстволармен бірге жаңа кәсіптік стандарттарды қалыптастыру және ұлттық кәсіптік стандарттарға сәйкес дйындауға бағыттау бойынша жұмыс атқарады. Сонымен бірге, әлеуметтендiрiлген деңгейді белсендi және тұрақты түрде жүзеге асырып, тиiстi нормативтiк актiлерге сәйкес бағалаудан өткендерге бағалау агенттiгi сертификаттар бередi.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото