Алғашқы бес айда елдегі шетелдік инвестиция 17,3 пайызға артты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 маусым

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тілшінің Сауда министрлігінен алған ақпаратына сәйкес, қаңтар-мамыр айларында ел көлемінде шетел капиталын нақты пайдалану көлемі 564,2 миллиард юань болып, өткен жылғы сәйкес мезгілден 17,3 пайызға артқан. АҚШ валютасымен есептегенде 87,77 миллиард долларды құрап, өткен жылғы сәйкес мезгілден 22,6%-ға өскендігін көрсеткен.

Өнеркәсіп саласы бойынша қызмет көрсетуде шетелдік капиталды нақты пайдалану 423,3 миллиард юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 10,8%-ға өскен. Жоғары технологиялық өнеркәсіпте шетел капиталын нақты пайдалану өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 42,7%-ға артқан. Оның ішінде жоғары технологиялық өңдеу өнеркәсібі 32,9%-ға, жоғары технологиялық қызмет көрсету саласы 45,4%-ға жоғарылаған. Дереккөз тұрғысынан алғанда, Оңтүстік Корея, АҚШ және Германияның Қытайға нақты инвестициясы тиісінше 52,8%-ға, 27,1%-ға және 21,4%-ға артқан (еркін порттар арқылы инвестициялық деректерді қоса алғанда). Аймақтық бөлу бойынша шығыс, орталық және батыс аймақтарда шетелдік капиталды нақты пайдалану өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда сәйкесінше 16,1%-ға, 35,6%-ға және 17,9%-ға өскен.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото