Алғашқы бес айда тауар импорты мен экспортының жалпы көлемі 16 037,4 миллиард юань болып, өткен жылдың сәйкес кезеңінен 8,3 пайызға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 маусым

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 15 маусымда Ұлттық статистика бюросының жариялаған мәліметі бойынша, қаңтар-мамыр аралығындағы тауар импорты мен экспортының жалпы көлемі 16 037,4 миллиард юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 8,3 пайызға өскен. Оның ішінде экспорт 8943,7 млрд юань болып, 11,4% өсті, импорт 7093,7 млрд юань болып, 4,7% -ға артқан.

Қаңтар-мамыр айларында жалпы сауда импорты мен экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2,1 пайыздық тармаққа артып, жалпы импорт-экспорт қатынасының 64 пайызын құраған. Жеке кәсіпорындардың импорты мен экспорты жалпы импорт пен экспорттың 49 пайызына жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 пайыздық тармаққа өскен. Механикалық және электротехникалық бұйымдардың экспорты өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7%-ға жоғарылап, жалпы экспорттық құнның 57,2%-ын құраған.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото