Жасанды өсіру және суға жіберу әдісімен 20 мың жоңғар тілапия шабағы Ебнұр көліне «қоныстанды»

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 15 маусым
Жасанды өсіру және суға жіберу әдісімен 20 мың жоңғар тілапия шабағы Ебнұр көліне «қоныстанды»

15 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 9 маусым күні Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы Ебнұр көлінің сағасында жоңғар тілапия балығын жасанды түрде өсіру және суға жіберу шарасы өтті. Бұл шарада 20 мың шабақ ағын суға жіберілді. 2000 балық VTE флуоресцентті бояумен, ал 10 000 балық ализарин қызыл флуоресцентті бояуымен таңбаланған. Зерттеушілер белгіленген шабақтарды қадағалап, бақылай алады.

Автономиялық регионның балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының аға инженері Сон Минбо: «2019 жылдан бері жалпы 77 мың балық көбейтіліп, суға жіберілді. Биыл біз жалпы 20 мың жоңғар тілапия шабағын көбейтіп, суға қоя бердік. Олардың таңбалау көрсеткіші 60%-дан асты», - деді.

Соңғы жылдары жергілікті жерлерде жасанды жолмен көбейту және суға жіберу жұмыстары жалғасуда. Ебнұр көлінің су биологиялық ресурстарының ерекшеліктеріне сәйкес, ресурстарды және суды экологиялық қалпына келтіруде маңызды рөл атқаратын балық түрлері суға жіберілді. Барлық балық шабақтары мен шаян шабақтары бірнеше мәрте қатаң тексеруден өтті. Бұл түрлері сапалы, саны мол шабақтар Ебнұр көлінің экологиялық ортасын жақсартуға мүмкіндік береді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото