Жазғы астықтың 80%-дан астамы жиналды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 маусым

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Ауыл шаруашылығы және ауылдық істер министрлігі бүгін жариялаған бидайды машинамен жинау барысы бойынша елімізде 16,47 миллион гектар бидай жиналды, орақ барысы 81,2 пайызды құрап отыр. Жазғы астық жинау науқаны соңына таяп, жер-жер жаңа астық сатып алуға қамданды.

Мемлекеттік астық және материалдық резерв бюросының соңғы жөнелтімі биылғы бидайдың жалпы сапасы мен бағасының жоғары екенін көрсетеді. Шығыс Қытайдағы бидай нарыққа шоғырлы көтерілді, Орталық Қытайда бидай сатып алу жүріп жатыр, осындай қауырт маусымда жазғы астықты сатып алу көлемі шамамен 65 миллиард килограмды құрайды деп болжануда. 12 маусымдағы жағдай бойынша негізгі өндіруші аймақтарда жаңа бидай сатып алу көлемі 9,5 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғары.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото