Орталық Азиядан Қытайдың Батыс-Шығыс газ құбыры желісіне газ тасымалдаудың жиынтық көлемі 400 миллиард текше метрден асты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 маусым

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 15 маусымда Қытай мен Қазақстанның кеденшілері Орталық Азиядағы газ ағынының деректерін қашықтықтан бейнебайланыс арқылы бірлесе отырып оқыды. Нәтижелер осы уақытқа дейін Орталық Азиядан Қытайдың Батыс-Шығыс газ құбыры желісіне газ тасымалдаудың жиынтық көлемі 400 млрд текше метрден асқанын көрсетті.

Орталық Азия табиғи газ құбыры Қытайдың құрлық арқылы енгізген табиғи газға арналған алғашқы трансұлттық энергетикалық арнасы болып табылады. Ол батыста Түркіменстан мен Өзбекстан шекарасынан басталып, Орталық Өзбекстан мен Қазақстанның оңтүстігінен өтіп, Қытайдың Шыңжаң регионындағы Қорғас өткелі арқылы кіреді, сондай-ақ Қорғас компрессорлық стансасы арқылы отандық Батыс-Шығыс газ құбырының екінші және үшінші желілеріне қосылады. Станция Орталық Азиядан келген трансұлттық табиғи газды және Іле көмір газын қабылдап, есепке алу және сыртқа жөнелту міндетін өз мойнына алады, қолданыстағы табиғи газ құбырының жұмыс қысымы 12 МПа-ға жетеді.

«Қорғас» кеденінің бақылаушысы Сюй Вэй Қытай мен Қазақстан екі елдің бірлескен кедендік бақылауын «жергілікті жерде + қашықтан бейне + сынақ есебі» әдісі арқылы жүзеге асырып, ұлттық энергия арналарының қауіпсіздігі мен кедергісіз ағынын қамтамасыз ететінін айтты.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото