Хотан-Чарқылық теміржолы ашылып, әлемдегі алғашқы шөлді қоршап жатқан теміржол торабын құрды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 16 маусым

16 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тілішінің China National Railway Group Co., Ltd компаниясынан алған мәліметіне сәйкес, 16 маусымда Хотан-Чарқылық теміржолы пайдалануға берілді. Сөйтіп Хотаннан Чарқылыққа баратын уақыт 11 сағат 26 минут қана болып, Шыңжаң темір жол желісі одан әрі жетілдіріліп, дүние жүзіндегі бірінші шөлды қоршаған теміржол желісін яғни – ұзындығы 2712 шақырымдық Такламакан шөлін айналып өтетін теміржол желісін қалыптастырды. Бұл темір жолдың ашылуы Лоп, Шерия, Керия, Ния және Байынғолын Моңғұл автономиялық облысы Чершен аудандарындағы пойыз қатынамайтын өлке тарихын аяқтады.

Хотан-Чарқылық теміржолының батысы Шыңжаңның Хотан аймағындағы Хотан қаласынан басталып, шығыстағы Байынғолын Моңғұл автономиялық облысы Чарқылық ауданына дейін жетеді. Жалпы ұзындығы 825 шақырым, ал жобалық жылдамдығы сағатына 120 шақырымды құрайды, желі бойында 22 станция бар. Хотан-Чарқылық теміржолы пайдалануға берілгеннен кейін, темір жол әкімшілігі 2 жолаушы пойызын ұйымдастырды. Жол бойындағы тұрғындар жолаушылар пойызына мініп, тікелей Чарқылық, Корла, Үрімші және басқа өңірлерге жете алады. Хотаннан Чарқылыққа, Корлаға, Үрімшіге дейін шапшаң уақытта тиісінше 11 сағат 26 минут және 17 сағат 50 минут және 24 сағат 23 минутта жете алатын болды. Сол сияқты 8 жүк пойызының кестесі жасалып, жол бойындағы мақта, жаңғақ, қызыл құрма және т.б. өнімдер темір жол арқылы Қытайдың ішкі өлкелеріне тікелей тасымалданады.

Хотан-Чарқылық теміржолы Голмуд-Корла темір жолының Чарқылық-Корла, Оңтүстік Шыңжаң теміржолының Корла-Қашқар және Қашқар-Хотиан бөліктерімен бірігіп, Такламакан шөлін айналып жатқан темір жол желісін құрады. Шыңжаңның оңтүстігіндегі барлық этникалық топтардың ондаған миллион халқын қамтитын Байынғолын Моңғұл автономиялық облысы, Ақсу аймағы, Қызылсу Қырғыз автономиялық облысы, Қашқар және Хотан аймақтары сияқты 5 аймақ пен облысты қамтитын теміржол желісі Шыңжаң темір жолының құрылымын одан әрі жетілдіреді. Сөйтіп, бұл жол бойындағы барлық этнос өкілдерінің жолаушылауы мен жүк тасымалдауын айтарлықтай жеңілдетпек. Сол сияқты бұл бағыттар ұлттық бірлікті сақтауда, шекараның ұлттық қорғанысын нығайтуда және ауылды жандандыруға көмектесуде үлкен маңызға ие.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото