Шыңжаңның Алар-Тарым әуежайы ресми түрде ашылды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 маусым

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 2022 жылдың 16 маусымында сағат 11:44-те Қытайдың Southern Airlines әуе компаниясының CZ5565 рейсі Boeing B738 ұшағы Алар-Тарым әуежайына сәтті қонды. Бұл Қытайдағы Тарым өзені аңғарындағы шөлді жер бедеріне салынған Алар-Тарым бірінші әуежайының ресми түрде пайдалануға берілгенін білдіреді.

Қазіргі уақытта Шыңжаңдағы жұмыс істеп тұрған азаматтық әуежайлардың саны 24-ке жетті. Екінші жартыжылдықта Тәшқорған Хунжераб әуежайының іске қосылуымен Шыңжаңдағы азаматтық әуежайлардың саны 25-ке жетіп, елдегі барлық өлке, аймақтар арасында бірінші орынға шығады.

Алар-Тарым әуежайы Арал қаласының орталығынан 12 шақырым жерде орналасқан. Жылдық жолаушы тасымалы 300 мыңға, ал жүк пен пошта тасымалы 1100 тоннаға жетеді деп жоспарлануда.

Алар-Тарим әуежайы пайдалануға берілгеннен кейін, екі топта 16 бағыт бойынша рейстер белгіленеді. Бірінші топқа (16-30 маусым аралығында) Үрімжі-Алар, Үрімжі-Алар-Қашқар, Үрімжі-Алар-Чэнду-Ханчжоу, Алар-Хотан, Алар-Корла т.б. 8 рейс кіреді; екінші топта (1 шілдеден - 31 желтоқсанға дейін) Шихези-Алар-Тұмсық, Алар-Күшәр, Алар-Тұмсық, Корла-Алар-Құлжа, Алар-Тұрпан-Сиань сияқты 8 бағыт қосылатын болады.

Алар әуежайының маршруттық желісінің аяқталуы жергілікті жерде ыңғайлы көлік жүйесін құруға жан-жақты көмектеседі. Алар қаласы мен оның айналасындағы аудандар мен қалалар Шыңжаңның орталығы Үрімжі мен Қытайдың ішкі өлкелерімен қашықтықты қысқартты. Сол сияқты бұл бағыттар Шыңжаңдағы туризм мен мәдени алмасуды жеделдетеді. Тағы бір тиімділігі Алардың ауылшаруашылық, мәселен жоғары сапалы мақта және қосалқы өнімдер экспортын жеңілдетіп, жұмыс күшінің сыртқа шығуына, көпшіліктің барыс-келіс қатынасына, зат тасымалы, бизнес және ақпарат ағынына ықпал етеді. Ең бастысы барлық ұлттар үшін ыңғайлы әуе көпірі орнығады.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото