Сауда министрлігі: әлем компанияларының Қытайға келіп ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкциялық инвестициялар салуын қарсы аламыз

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 17 маусым

17 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 16 маусым күні Сауда министрлігі кезекті баспасөз мәслихатын өткізді. Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы Шу Цзюэтин баспасөз мәслихатында: «Еуроодақ елдерін қамтыған әлемнің түкпір-түкпірінен келген кәсіпорындардың Қытайға инвестиция салып, саланы дамытып, Қытайдағы ҒЗТКЖ-ны инвестициялау, ҒЗТКЖ орталықтарын құру, Қытай нарығын тиімді пайдалану, даму дивидендтерін бөлісу жобаларын құптаймыз», - деді.

Кездесуде БАҚ өкілдері Сауда министрлігінің Қытайдағы ЕО компанияларының соңғы сауалнама қорытындысын жариялап, Қытайдағы еуропалық компаниялардың көпшілігі жергілікті инновациялар мен ғылыми-зерттеу нәтижелерінің тиімділігіне көз жеткізіп, Қытайды алдағы уақытта да әлеуетті инновация және ҒЗТКЖ базасы ретінде қарастыратынын жеткізгенін айтты. Сонымен бірге баспасөз хатшысы Инновация Қытайдың жаңа даму тұжырымдамасының маңызды бөлігі және жоғары сапалы экономикалық дамуының оңтайлы қозғаушы күші болып табылатынын атап өтті.

Сауда министрлігі Қытайдың басымдыққа ие инновацияға негізделген даму стратегиясының жаһандық инновациялық индекс рейтингісі 2012 жылы 34-інші орыннан 2021 жылы 12-нші орынға көтерілгенін мәлімдеді. «Бұл нәтижеге көптеген компаниялар, соның ішінде Қытайдағы еуропалық компаниялар да белсенді үлес қосты. Сонымен бірге олар Қытайдың ашық есік және жаңалық ашып даму процесіне қатысып ұтымды ынтымақтастыққа қол жеткізді. Еліміз жоғары деңгейдегі ашықтықты үнемі кеңейтіп, зияткерлік меншікті қорғауды одан әрі күшейтіп, іскерлік алаңы мен инновациялық ортаны үздіксіз оңтайландырады», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото