«618» сауда күнінде спорттық тұтыну артты

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 маусым

20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Биылғы «618» (жыл сайын 18 маусымда өтетін онлайн сатылымдар күні) сауда күнінің спорттық тұтынуы қызу жалғасып, спорттық аяқ киім мен киімдер, үйдегі фитнес жабдықтары, ашық спорт жабдықтары және т.б. бұйымдар тұтынушылардың көңілінен шықты.

Деректер Tmall «618» сатылымының бірінші кезеңінде кемпингке қатысты өнімдердің сатылымы екі еседен астамға өскенін және ерлерге арналған күннен қорғайтын киімдерді жеткізу және сатып алу айтарлықтай артып, сыртқа киетін киімдегі ең танымал өнімге айналғанын, сатылымның сәйкес мезгілдегі өсімі шамамен 50% болғанын көрсетті. Сонымен қатар, жастар арасында өте танымал Lure балық аулау түріне қажетті және көптеген балық аулау құралдары «секундтарда сатылып болды». Сол сияқты, «618» күнінде көптеген көше киімдерінің брендтерінің Jingdong платформасындағы айналымы өткен жылмен салыстырғанда бірнеше есеге өсті.

Тікелей эфир фитнесінің танымал болуы да халықтың спортқа деген ынтасын арттырды. 23 мамыр 20:00-ден 18 маусым 24:00 аралығында Jingdong платформасындағы Anta және Fila сияқты 1800-ден астам брендтердің сатылу айналымы өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсті. Соның ішінде кәсіби жүгіру аяқ киімдері мен баскетболға арналған аяқ киімдердің айналымы өткен жылдың сәйкес мезгілімен салыстырғанда 150%-дан асты. Көпшіліктің спортқа деген қажеттіліктері әртараптанған сайын, смарт фитнес айналары, фризбилер және фассия мылтықтары сияқты санаттарға да көбірек көңіл бөліне бастады.

Қазіргі уақытта ұлттық фитнес ұғымы халықтың санасына әбден орнықты. Сонымен бірге індеттің адамзат қоғамына әкелген зардаптары да көпшіліктің спорттық жаттығулар мен денсаулықтың қадірін білуіне ықпал етті.

13 маусымда жарияланған Қытайдың фитнес саласына қатысты 2021 жылғы есебінде елдің фитнес индустриясы 2021 жылы біртіндеп қалпына келіп, көпшіліктің дене шынықтырумен белсенді айналысу қарқыны бес жыл қатарынан өсу үрдісін көрсеткен.

Мемлекеттік кеңес 2014 жылы «Спорт өнеркәсібін дамытуды жеделдету арқылы спорттық тұтынуды ынталандыру туралы бірнеше пікірін» жариялап, ұлттық дене шынықтырудың ұлттық стратегияға айналғанына қазірге дейін 8 жыл болды. «618» күніндегі спортты тұтыну деректері спортпен айналысудың өсу әлеуетін және адамдардың дене шынықтыру мен денсаулыққа деген жоғары қажеттіліктерін көрсетеді. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото