Алғашқы бес айда Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,9%-ға өсті

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 20 маусым
Алғашқы бес айда Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,9%-ға өсті

20 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Тілші Үрімжі кеденінен хабарлауынша, алғашқы бес айда Шыңжаңның сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы құны 67 миллиард 410 миллион юань болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,9%-ға артып, ұлттық өсу қарқынынан 25,8%-ық тармаққа жоғары болды.

Алғашқы бес айда Шыңжаңның сыртқы саудасының экспорттық құны 54 миллиард 300 миллион юаньды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 45,4%-ға ұлғайды, ал импорт көлемі 13 миллиард 110 миллион юанды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,5%-ға өсті. Алғашқы бес айда Шыңжаңның сыртқы саудасы елдің барлық өлке, автономиялық регион мен қалалар арасында 24-ші орынға ие болды.

Алғашқы бес айда Қытайдың Шыңжаңы 157 елмен және аймақтармен сауда-саттық жүргізді. Қытайдың Шыңжаңының «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдермен және Аймақтық жан-жақты экономикалық серіктестікке (RCEP) мүше елдермен импорт-экспорт саудасы 61,06 миллиард юань және 4,3 миллиард юанды құрап, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,6%-ға және 28,2%-ға өсті. Солардың ішінде Қытайдың Шыңжаңының «Бір белдеу, бір жол» бойындағы елдермен импорт-экспорт саудасы Шыңжаңның жалпы сыртқы сауда импорты мен экспорты құнының 90,6%-ын құрайды.

Қырғызстан бұрынғысынша Қытайдың Шыңжаңының ең ірі сауда серіктесі болып табылады. Алғашқы бес айда Шыңжаңның Қырғызстанмен импорт-экспорт саудасы бір жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 425,1%-ға өсті. Осы кезеңде АСЕАН-мен импорт және экспорттық сауда көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 50,2%-ға өсті.

Сауда тұлғаларынан алып айтқанда, алғашқы бес айда жеке кәсіпорындардың импорт-экспорттық сауда көлемі 58,91 миллиард юаньды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,8%-ға артып, ол сәйкес мезгілдегі Шыңжаңның жалпы сыртқы сауда импорты мен экспортының 87,4%-ын құрап, жеке кәсіпорындардың сыртқы саудадағы негiзгi орны мен жағдайы тіпті де нығая түсті. Шетелдік инвестициялары бар кәсіпорындардың импорттық және экспорттық сауда көлемі бір жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 87,6%-ға өсті.

Өнім түрлері тұрғысынан Шыңжаңның киім-кешек, аяқ киім және сөмкелер сияқты көп еңбекті қажет ететін тауарларымен сауда көлемі бір жылдың сәйкес мезгілінде сәйкесінше 83,5%-ға, 31,4%-ға және 18,2%-ға өсті; Электр өнеркәсiбi өнiмдерi өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 34,2%-ға өсiп, Шыңжаңның сыртқы сауда экспортының жалпы құнының 30,4%-ын құрады. Ауылшаруашылық өнiмдерiнiң экспорттық сауда көлемi өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 13%-ға өстi.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото