Қытайдағы үш қазақ автономиялық ауданының ақындар айтысы басталды

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 21 маусым

21 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жуырда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы, Мори қазақ автономиялы ауданында Қытайдағы үш қазақ автономиялық ауданының ақындар айтысы байқауы өтеді.

Маусымның 16-сы күні түстен кейін домбыраның әсем әуеніне ілесе, Ақсай ауданындағы үш ауыл мен бір қалашықтан келген ақындар қазақтың ұлттық киімдерін киіп, Ақсай аудынының Қазақ мәдени тәжірибе орталығына (үлкен қазақ үй) жиналып, қытайдағы үш қазақ автономиялық ауданының ақындар айтысына қатысуға жолдама алу үшін Ақсай ауданындағы іріктеу кезеңіне қатысты.

Қытайдағы үш автономиялық ауданның ақындар айтысы 2011 жылдан бері екі жылда бір рет өткізіліп тұрады. Айтыс – қазақтың ұлттық өнері, суырыпсалма сөз сайысы. Қазақ халық ауыз әдебиетіндегі мазмұны бай, тілі айшықты өнер түрі, сөз барымтасы, Қазақ халқының әлеуметтік өмірін жан-жақты көрсететін «ел айнасы» және «энциклопедиясы».

2006 жылы Ақындар айтысы ұлттық материалдық емес мәдени мұраның бірінші легіне енді. Заманның ілгерілеуімен айтыстың түрі де өзгеріске бейімделіп, жаңа мазмұнмен кемелдене түсті. Партияның игі саясатын дәріптеп, бақытты жаңа өмірге шақыру айтыс қойылымдарының негізгі мазмұнына айналып, ежелгі сөз өнерге жаңаша тыныс берілді. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото