Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы АҚШ-тың Шыңжаңға қатысты өнімдерге жаппай тыйым салуы туралы мәлімдеме жасады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 маусым

22 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы маусымның 21-і күні шығыс Әмерика уақыты бойынша 21 маусымда АҚШ кеден және шекара қызметі АҚШ Конгресінің Шыңжаңға қатысты актісіне сәйкес Қытайдың Шыңжаң аймағында өндірілген барлық өнімдерді «мәжбүрлі еңбек»-тің нәтижесі деп есептеп, Шыңжаңға қатысты кез келген өнімді әкелуге тыйым салғанын мәлімдеді. АҚШ «Адам құқықтары»-ын желеу етіп, біржақтылықты, қорғанымпаздықты және өктемділікті қолданып, нарықтық қағидаттарға ауыр нұқсан келтірді және ДСҰ ережелерін бұзды. АҚШ-тың істеп жатқаны – қытайлық және американдық компаниялар мен тұтынушылардың маңызды мүдделеріне елеулі зиян келтіретін, жаһандық өнеркәсіптік тізбек пен жеткізу тізбегінің тұрақтылығына кері ықпал жасайтын, жаһандық инфляцияны бәсеңдетуге және әлемдік экономиканы қалпына келтіруге қолайсыз экономикалық мәжбүрлеу әрекеті болып табылады. Қытай бұған қатаң қарсы тұрады.

Шын мәнінде, Қытай заңы мәжбүрлі еңбекке тікелей тыйым салады. Шыңжаңдағы барлық этностардың халқы еңбек істеу мен жұмысқа орналасуда толық еркіндік пен теңдікке ие, олардың еңбек құқықтары мен мүдделері заңға сәйкес тиімді түрде қорғалып, өмір сүру деңгейі жақсарып келеді. 2014-2021 жылдар аралығында Шыңжаңдағы қала тұрғындарының қолдағы табысы 23 мың юаннан 37 мың 600 юаньға, ауыл тұрғындарының қолдағы табысы шамамен 8 мың 700 юаннан 15 мың 600 юаньға дейін өсті. 2020 жылдың аяғына дейін Шыңжаңның 3 миллион 600 мыңнан астам ауыл тұрғыны, 3666 кедей ауыл, 35 кедей аудані түгел кедейліктен құтылып, абсолютті кедейлік мәселесі тарихи түрде шешілді. Қазіргі уақытта Шыңжаңда мақта егу процесінде көп аудандарда жан-жақты механикаландыру деңгейі 98 пайыздан асып жығылады. Шыңжаңда «мәжбүрлі еңбек» бар деп айтылатын қауесет шындыққа түбегейлі сәйкес келмейді. Америка Құрама Штаттары Шыңжаңға қатысты өнімдерге «мәжбүрлі еңбек» деген сылтаумен жан-жақты тыйым салуы, шын мәнінде Шыңжаңдағы барлық этникалық топтардың тұрғындарын еңбек құқықтары мен даму құқықтарынан айыру саналады.

Баспасөз хатшысы: «АҚШ-тың шынайы ниеті Қытайдың беделін түсіру, Қытайдың ішкі істеріне араласу, Қытайдың дамуын тежеу ​​және Шыңжаңның гүлденуі мен тұрақтылығына нұқсан келтіру екенін фактілер толық дәлелдейді. Америка Құрама Штаттары саяси айла-шарғылары мен бұрмаланған шабуылдарын, Шыңжаңдағы барлық этникалық топтардың құқықтары мен мүдделеріне қол сұғуын, Шыңжаңға қатысты барлық санкциялар мен қысым шараларын дереу тоқтатуы керек. Қытай ұлттық егемендігін, қауіпсіздік пен даму мүдделерін, Шыңжаңдағы барлық этникалық топтардың заңды құқықтары мен мүдделерін табанды түрде қорғау үшін қажетті әрекеттер жасайды. Қазіргі жоғары әлемдік экономика дөп келіп отырған инфляция және кері шегіну жағдайында, АҚШ-тың өнеркәсіптік және жеткізу тізбегінің тұрақтылығына, экономиканы қалпына келтіруге ықпал ететін істерді көбірек істеп, экономикалық және сауда ынтымақтастығын тереңдету үшін жағдай жасайды деп үміттенеміз. 

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото