Қытай Сыртқы істер министрлігі:АҚШ-тың Шыңжаңға қатысты қаскөй заңы бүгін күшіне енеді, бұл әрекет сәтсіздікпен аяқталады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 22 маусым
Қытай Сыртқы істер министрлігі:АҚШ-тың Шыңжаңға қатысты қаскөй заңы бүгін күшіне енеді, бұл әрекет сәтсіздікпен аяқталады

22 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Қытай Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ван Вэньбинь 21 маусым күнгі Сыртқы істер министрлігінің кезекті баспасөз мәслихатына төрағалық етті. Мәслихатта Ван Вэньбинь: «Шыңжаңдағы «мәжбүрлі еңбек» деп аталатын жала бастапқыда Қытайға қарсы күштердің Қытайды қаралау үшін ойлап тапқан үлкен өтірігі. Бұл қәуесет Шыңжаңдағы мақта және басқа да өнеркәсіптердің кең көлемде механикаландырылған өндірісіне және Шыңжаңдағы барлық ұлт өкілдерінің еңбек құқықтары мен мүдделерінің тиімді қорғалып отырғанына мүлдем қайшы келеді. Осы дақпырт негізінде АҚШ «Ұйғырларды мәжбүрлі еңбекке тартуға жол бермеу туралы заңын» жасап, оны жүзеге асырып, Шыңжаңдағы тиісті құрылымдар мен жеке тұлғаларға санкция салды. Бұл өтіріктің жалғасы, тағы да АҚШ-тың адам құқықтарын желеу етіп, Қытайды тежеуін күшейтуі болып табылады. Сонымен бірге АҚШ-тың бассыздықпен халықаралық экономикалық және сауда ережелерін бұзып, халықаралық өнеркәсіптік және жеткізу жүйелерінің тұрақтылығына зиянын тигізетінінің дәлелі», - деді.

Ван Вэнбинь: «АҚШ Шыңжаңда заңды түрде деп аталатын мәжбүрлі жұмыссыздықты тудыруға және бүкіл әлемді Қытайдан «айыруға» тырысуда. Бұл АҚШ-тың адам құқықтарын желеу етіп, адам құқықтарын бұзып, ереженің туын көтеріп, ережені бұзып отырған гегемониялық әрекетін толығымен әшкереледі. Қытай мұны қатаң айыптап, үзілді-кесілді қарсылық танытып, Қытай кәсіпорындары мен азаматтарының заңды құқықтарын және мүдделерін берік қорғау үшін тиімді шаралар қабылдайды. АҚШ заман ағымына қарсы жүзіп барады, ұзамай сәтсіздікке ұшырайтын болады», - деді.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото