АҚШ-тың Қытайға салынатын баж салығын ертерек алып тастауы Қытайға, АҚШ-қа және әлемге тиімді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 маусым

24 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Сауда министрлігінің баспасөз хатшысы Шу Жуэтин 23 маусымда жоғары инфляцияның қазіргі жағдайында АҚШ-тың Қытайға салынатын баж салығын жоюы тұтынушылар мен кәсіпорындарға пайда әкелетінін айтты. Қытай мен Америка бір-біріне бейімделіп, экономикалық-сауда ынтымақтастығы үшін жағдай жасап, жаһандық өнеркәсіп пен тасымалдау жүйесінің тұрақтылығын сақтап, екі ел мен әлем халқын игілікке жетелеуі керек.

Сол күні Сауда министрлігі өткізген кезекті онлайн баспасөз маслихатында журналист АҚШ Президенті Байденнің АҚШ-тың Қытайға тарифтерін жеңілдету туралы шешімді қарастырып жатқаны туралы соңғы мәлімдемесіне қатысты сұрақ қойғанда, Шу Жуэтин Президент Байденнің сөзі туралы хабардар екенін айтып: “Қытай тарапы елге салынатын барлық қосымша тарифтердің жойылуы Қытайға, АҚШ-қа және әлемге тиімді деп есептейді”,-деді.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото