Тау қойнауында бұғы бағатын эвенки жігіт

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 24 маусым

24 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Эвенки Бұғы тайпасының Үлкен Синаньлин аймағында өмір сүріп келе жатқанына шамамен 400 жыл болды. Ішкі Моңғұл автономиялық регионының Хулуньбергенхэ қаласындағы Аолугуя Эвенки этникалық қалашығында орналасқан 300-ден астам адам мен 1000-нан астам бұғысы бар тайпа табиғат құшағында бақытты өмір сүріп келеді. 2015 жылы 30-дан енді асқан Гумусен Бейжіңдегі жұмысын тастап, тау қойнауына келіп, жергілікті бұғылардың популяциясын жақсарту тәжірибе станциясында жұмыс істейді. 2019 жылы Гумусен 4 ұрғашы бұғы мен 1 еркек бұғыны еншілеп, «отау болып», өзінің бұғы бағу пунктін ашады. Ветеринария мамандығын бітірген Гумусен қытай бұғыларының тобын көбейтуді және бұғы тұқымын асылдандыруды мақсат етеді.

Жыл бойы тауда бұғымен бірге тіршілік еткен Гумусен, тау етегіндегі кітап дүкенінен бұғы өсіруге арналған көптеген кітаптарды сатып алып, бос уақытын кәсіптік білімін жетілдіруге жұмсайды. Күн сайын бұғылардың қоректену әдетін, оларға тән сырқат түрлері мен емдеудің әдістерін жазып отырады. «Қазір мен диагностикаға, емделуге және бұғыларды өсіруге арналған 10 000-нан астам сөзден тұратын қолжазбамды дайындадым», - дейді Гумусен мақтанышпен. Бүгінгі таңда оның бағымында 50-ге жуық бұғы бар. Әйелі де бұл кәсіптегі сенімді қолғанаты.

Гумусен ұлттық дәстүрінде бұғы өсіру кәсібінің ерекше орны бар екенін байқап, камера алдында отбасының бұғы өсіру барысын естелікке жазып отырады. Оның бейнебаяндары әлеуметтік желіде жарияланғаннан кейін, тез арада танымал болып шыға келді. Содан кейін ол бұғы мәдениеті мен тарихын, эвенки ұлтын көпшілікке таныту үшін желіге үнемі бейнебаянын жүктеп отырады. Қазір Гумусен мен жұбайы, бұғылары, тіпті оның 1 жасар ұлы да «интернет жұлдыздарына» айналды. Гумусеннің қысқа бейне аккаунты 332 000 жанкүйер жинап, ең көбі 6 миллионнан астам лайк алған. 

2022 жылы Гумусен ауыл жастарын бейнебаян арқылы туған жері мен ұлттық мәдениетін насихаттауға бағыттау үшін өзінің жеке медиакомпаниясын құрды. 

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото