Қытайдың Ауғанстанға көмек материалдарының бірінші тобы Кабулға жеткізілді

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 маусым
Қытайдың Ауғанстанға көмек материалдарының бірінші тобы Кабулға жеткізілді

28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- 27 маусым күні жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 19:00 шамасында Қытайдың Ауғанстандағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек материалдарының бірінші тобы Ауғанстанның Кабул халықаралық әуежайына жетті. Көмекке жиналған заттардың ішінде палаткалар, орамал-көрпелер, қатталатын төсек және ауғандық апатқа ұшырағандарға шұғыл қажетті басқа да зәру бұйымдар бар.

Еске алар болсақ, 22 маусым күні таңертең Ауғанстанның шығысы мен Пәкістан шекарасында болған 6,2 балдық жер сілкінісі өңірдегі соңғы жиырма жыл ішіндегі ең жойқын зілзала болды. Қытай үкіметі зілзаладан кейін Ауғанстанға 50 миллион юань көлемінде шұғыл гуманитарлық көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Сонымен қатар Ауғанстанның уақытша үкіметімен тығыз үйлестіру жұмыстарын жүргізіп, зардап шеккендерге көмек материалдарын мүмкіндігінше тезірек жеткізуді қамтамасыз етті. Сөйтіп Ауғанстан халқының қиындықтан өтуіне қолдау көрсетті.

(Редактор:Ардақ Тұрсынтай,Deng Jie)

Фото