Шыңжаңдағы әр саланың өкілдері жергілікті адам құқығын қорғаудың тиімділігін талқылады

(Онлайн Халық Газеті)2022 жыл 28 маусым

28 маусым, онлайн «Халық Газеті» -- Жақында Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы арнайы баспасөз мәслихатын өткізіп, Шыңжаңның өмір сүру және даму құқығын әрқашан адамның негізгі құқығы деп санайтынын, лаңкестікпен заңға сәйкес күресетінін, әлеуметтік тұрақтылықты табанды түрде қорғайтынын, экономиканың жоғары сапалы дамуына белсенді түрде ықпал ететінін, адамдардың және әлеуметтің жан-жақты өркендеуін жүзеге асыруға ұмтылатынын баса айтты. Шыңжаңның сарапшылары мен ғалымдары, салалық бірлестіктер мен кәсіпорын басшылары Шыңжаңдағы адам құқықтарын қорғаудың әр түрлі саладағы шаралары мен жетістіктерін таныстырды.

Жақында Америка Құрама Штаттарында «Ұйғырлардың мәжбүрлі еңбекке жегілуіне жол бермеу туралы заңы» жүзеге асырылды. Осыған сәйкес, Қытайдың Шыңжаң өңірінде өндірілетін барлық өнімдер аталмыш «мәжбүрлі еңбекпен» байланысты деп қаралып, Шыңжаңға қатысты кез келген өнімдерді импорттауға тыйым салынды. Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық регионы халық үкіметінің өкілі Сюй Гуйсян: «Бұл АҚШ-тың адам құқықтарын желеу етіп, Қытайды тежеу әрекеттерінің күшеюі болып табылады»,-деді. Шыңжаңдағы аталмыш «мәжбүрлі еңбек» - АҚШ пен Батыстағы Қытайға қарсы күштердің ойлап тапқан қауесеті, мүлдем жалған ақпарат. «АҚШ тарапының бұл көзқарасы заңсыз, шындыққа сәйкеспейді, қисынсыз, өзіне де тиімсіз. Оның нақты мақсаты – жұмыссыздыққа итермелеу, Шыңжаңды тұрақсыздандыру, Қытайдың ішкі істеріне араласу және Қытайдың дамуын шектеу. Бұл бұрыс қадам",-деді Сюй Гуйсян.

Жалпы алғанда Дүниежүзілік қауымдастық та Шыңжаң ісін Қытайдың ішкі ісі деп санайды. Сондықтан адам құқығы мәселесін саясиландыруға, «қос стандартты» ұстануға, адам құқығын сылтау етіп Қытайдың ішкі істеріне араласуға қарсы.

(Редактор:Ыбырай Дүйсен,Deng Jie)

Фото